⚠️ Ауа райы табылмады.
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ауыл жолы жаңарды

    05.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жолдың жайы
    Ауыл жолы жаңарды
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

           Бүгінгі ауыл тұрмысы бұрынғыдан өзгерек. Қазір ауылдағы ағайынға қалыпты жағдай мен сапалы жол керек. Бұған дейін жол азабын тартып келген ақбейіттік тұрғындар бұл машақаттан аз да болса құтылып, ауылға жаңа жол салынғанына бек қуанышты.

           Елдімекеннің 5 көшесіне жаңа асфальт төселді. Бұл мақсатқа 80 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар, жаңа ойын алаңы салынып, ауыл халқы қуанышқа бөленуде. Ең бастысы жол жасалып, ой-шұңқырларының тегістелгеніне дән риза. Бүгінде ауыл тұрғындарының елдімекеннің біртіндеп өзгеріп, көркейетініне сенімдері мол.

    Бүркітбай Қайранбаев, ауыл тұрғыны:

    – Міне, ауылымызға асфальт салынып, көл-көсір қуанышқа кенеліп жатырмыз. Әрине, бұл жолды көп күттік. Осы күрделі жөндеу басталмай тұрып, көктем мезгілі мен жауын-шашынды айтпағанда  жол нашар, шұңқыр көп болды. Көлікпен сол шұңқырды айналып өтуге мәжбүр болдық. Енді ол күндердің қиындығы артта қалды. Енді жолымыз ауыл тұрғындары, балалар үшін де  қауіпсіз. Жолда жұмыс атқарып жүрген ауылымыздың жанашыры Ернат Тұрлыбайұлына көп рахмет! Ауылымыз көркейіп келеді.

    Бұған дейін ауыл көшесіне тасжол мүлде төселмепті. Құрылғанына жарты ғасырдан асқан ауылдың бес көшесіне бірдей асфальт төселді. Жол жөндеу жұмыстарын «Дортехавтотрек» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізіп жатыр. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылған. Барлығы 10 адам еңбек етіп жүр.

    Ернат Тыналиев, «Дортехавтотрек» ЖШС-нің участок бастығы:

    – Ақбейіт ауылы Сарыжаз ауылдық округіне қарасты елдімекен. Ауыл құрылғалы бері, көше жолдарында мүлдем асфальт болмаған, жолға бірінші рет төселді. Көше жолдарында арнайы бес техника жұмыс істеп, Қарқара ауылындағы зауыттан асфальт тасыды. Жол жөндеу жұмысына он адам жұмылдырылды. Жалпы жолдың ұзындығы – екі шақырымнан астам, ені – 4,5 метр. Асфальт төсеу жұмысы он күнде аяқталды. Барлық іс техникалық регламент пен технологияға сәйкес жүргізілді. Халық риза, батасын беріп, алғысын айтып жатыр, – деген ол енді жол жиектерін қалпына келтіру және оған белгі салу жұмыстары қалып отырғанын тілге тиек етті.

    Әбдібақас Тараншиев, ауыл тұрғыны:

    – Соңғы екі-үш жылда ауылымызда жаңадан медициналық бөлімше, балалар ойын алаңы, зәулім мешіт пен қатымхана бой көтерді. Сарыжаз бен Ақбейіт ауылы арасындағы жаяу жүргіншілерге арналған тротуар салынды. Енді ауылдың барлық көшесіне үш үлкен көпір, сегіз кіші көпір салынып, қалың асфальт жол жасалып жатыр. 1959 жылы салынған «Ақбейіт» бастауыш мектебіне күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, көшеге жарық шамдары орнатылса, ауданымызға газ тарту мәселесі қолға алынса деген ұсынысым бар.

    Жолдары тегістеліп қалған Ақбейіт тұрғындарының алғыстан өзге айтары жоқ. Бұл тек бір ауылдың емес, ауданның дамуына оң әсер ететін маңызды қадам. Өйткені, жол – тіршілік тамыры. Тұрғындардың жүріп-тұруы жеңілдеп, ауылға қатынайтын көлік қозғалысы да қауіпсіз әрі ыңғайлы бола түсті.

    Көп жылдан бері асфальт көрмеген көшелердің жаңаруы ауылдың көркіне көрік қосып, тұрмыс сапасын арттыра түспек.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    АГРОКЕШЕН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    АГРОКЕШЕН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

    2 months ago
    Атқарылған іс ауқымды

    Атқарылған іс ауқымды

    1 year ago
    eGov порталы арқылы көлік құралын қалай тіркеуге болады?

    eGov порталы арқылы көлік құралын қалай тіркеуге болады?

    2 years ago
    Ерліктің даңқы өшпейді

    Ерліктің даңқы өшпейді

    2 years ago
    Өңір даңқын асқақтатқан өрендер

    Өңір даңқын асқақтатқан өрендер

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>