🌧️
15°C
Қонаев
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Белсенді жастар бас қосты

    16.09.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Белсенді жастар бас қосты
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

       Жасыл энергетика саласындағы өз бастамаларын ілгерілетуді көздейтін «Jastar future energy» жастар қозғалысы күн өткен сайын еліміздегі ең бастамашыл ұйым ретінде танылып келеді. Жақында табиғаты көрікті Талғар ауданы Бесқайнар ауылындағы «Be Fine» отбасылық демалыс аймағында облыстың алты өңірі мен Астана қаласының жастары жиналған үш күндік жастар форумы өтті.

    Жас көшбасшылар бас қосқан жиынға 35 жасқа дейінгі алдағы мақсаты айқын, жаңа сынаққа дайын және кәсіби өсуді басты бағыт ретінде ұстанатын бастамашыл, белсенді буын жиналды. «Жаңа толқын» жобасы аясында өткен іс-шараның басты мақсаты – пікір алмасу және заманауи жобаларды іске асыру болды. Оған қоғамдық ұйымдардың, этномәдени орталықтардың өкілдері қатысты.
    Форумды облыстық мәслихат депутаты, Қазақстан халқы Ассам­блеясы депутаттық тобының жетек­шісі Сұлтан Нұрдәулетов ашып, өзінің құттықтау сөзінде жастардың қоғам өміріндегі рөлін, олар – елді жаңғыртудың басты қозғаушы күші екенін атап өтті.
    Жиында сөз алған «Жастар ассам­блеясы» республикалық қоғамдық бірлес­тігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев «ҚХА қызметіндегі жастар ассамблеясының рөлі» тақыры­­бында баяндама жасады. Ол «Жастар ассамблеясы» – көптеген этнос өкілдерін өз қанатының астына бірік­тірген бірегей ұйым екенін айтты. Спикер сондай-ақ форум ұйымдастырушыларының жетекші рөлін, жастар арасында пікір, тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыра алған «Jastar future energy» жазғы лагерь жұмысының маңызына да тоқталды.
    – Біздің міндетіміз – жастардың рөлі мен беделін арттыру, олардың қарым-қабілетін дамытып, мәдениетаралық коммуникация үдерісіне жиі қатысуына ықпал ету. Мұндай форумдар түрлі құрылымдар арасында диалог құруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге жас көшбасшыларды, еліміздің кадрлық резервін дайындауға мүмкіндік береді. Бүгінгі кездесудің арқасында ауыл мұғалімдерін, еңбек жастарын біздің ортаға тартуға қатысты көптеген идея мен ұсыныстар айтылды, – деді Тимур Жұмырбаев.
    «Қазақстанның ұйғыр жастары одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Жастар ассамблеясы» РҚБ төрағасының кеңесшісі Рүстем Қайыровтың «ҚХА жасанды интеллект дәуірінде – бірлікті нығайтудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында сөйлеген сөзі де осы сипатта болды. Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кеңешевтің «Жарқын болашақ: жастардың әлеуеті мен мүмкіндіктері» тақырыбында сөйлеген сөзі де ешкімді бей-жай қалдырмады.
    – Мұндағы басты мақсат – Қазақстан халқының қоғамдық келісімі мен жалпыұлттық бірлігі негізінде жастарды дамыту және топтастыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі шеңберінде жастардың бастамаларын қолдау және қоғамдық белсенділігін арттыру. Жұмыстың негізгі бағыты мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру деп санаймын. Ол үшін бірінші кезекте жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қамтамасыз етілуі тиіс. Екіншіден, жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне белсенді түрде тарту қажет. Үшіншіден, азаматтықты тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайтуымыз аса маңызды, – деді Мақсат Кеңешев.
    Форум қатысушылары спикерлер жасаған барлық баяндаманы үлкен қызығушылықпен тыңдап қана қоймай, жастарды дамыту және жаңа жобалар мен бастамаларды іске асыру тақырыбындағы пікірталасты белсенді өрістете отырып, оларға өздерін мазалайтын сұрақтар да қойды. Үш күн жалғасқан шара кезінде жас көшбасшыларға ҚХА-ның 30 жылдығына арналған шеберлік сыныптары, фильмдер, бейнеүзінділер, этноойындар, музыкалық супен-эйрлер, челлендж көрсетілді.
    Форум қарым-қатынас және тәжірибе алмасу форматында өтті. Қатысушылар мазмұнды баяндамалар тыңдап, нақты тәжірибеге негізделген пайдалы кеңестер алды, тренингтер, сұхбат алаңдары мен шеберлік сыныптарынан өтті. Жастар форумы тек мереке ғана емес, мемлекеттік қолдауды, кәсіпқойлар тәжірибесі мен жаңа буын энергиясын біріктірген ауқымды пікірталас алаңына айналды.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Жаңа роман – жаңа леп

    Жаңа роман – жаңа леп

    1 year ago
    Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

    Мемлекет басшысы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі

    4 months ago
    ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМ КЕПІЛІ

    1 month ago
    Қонаевта 12 түлек шетелдік грант ұтып алды

    Қонаевта 12 түлек шетелдік грант ұтып алды

    1 year ago
    Облыс басшысы Іле ауданында әлеуметтік-экономикалық нысандарды аралады

    Облыс басшысы Іле ауданында әлеуметтік-экономикалық нысандарды аралады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>