-13 °c
Qonaev
Thursday, July 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Президент қазақстандықтарды Отбасы күніне орай құттықтады

    10.09.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Демография, Мәдениет, Мереке, Президент
    Президент қазақстандықтарды Отбасы күніне орай құттықтады
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Елімізде жылдағы дәстүрге сай бүгін Отбасы күні атап өтіледі. 2013 жылы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын. Биыл бұл күн 10 қыркүйекке түсіп отыр.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күніне орай құттықтады.

    “Құрметті отандастар!
    Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    Әрбір адам үшін ұшқан ұясының орны бөлек. Өскелең ұрпақтың отбасында тәлім-тәрбие алып, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруі өте маңызды. «Отан отбасынан басталады» деп бекер айтылмаған. Салт-дәстүрге құрмет те, туған елге сүйіспеншілік те қасиетті қара шаңырақтан бастау алады.
    Отбасы институты еңбекқорлық, білімпаздық, тілектестік сынды «Адал азаматқа» тән қасиеттерді қоғамда жан-жақты дәріптеу арқылы ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосады.
    Берекелі шаңырақ – елімізді үйлесімді әрі орнықты дамытудың мызғымас кепілі. Сондықтан мемлекет ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіруге, отбасы құндылықтарын ұлықтауға баса мән береді.
    Әр отбасының әл-ауқатын жақсарту – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы негізгі міндеттің бірі.
    Қазақстандағы әрбір шаңырақтың керегесі кең, босағасы берік болсын!
    Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!”,- делінген президенттің құттықтауында.

    Отасы күні жергілікті атқарушы органдар үлгілі отбасыларға сый-құрмет көрсетеді. 2014 жылдан бері айтулы мерекеге орай «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіліп келеді.

    Ұсынымдар

    Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заңдар қабылданды

    Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған заңдар қабылданды

    2 years ago
    Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

    Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды

    2 years ago
    Сақтанған сан соқпайды

    Сақтанған сан соқпайды

    1 year ago
    Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

    “Не загнать в тень”: Авторы налоговой реформы о необходимости сбалансированного решения

    4 months ago
    Жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыру ережесі өзгерді

    Жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыру ережесі өзгерді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.