Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы – уақыт талабы мен қоғамның даму бағытын айқындайтын маңызды құжат. Елдің жаңа технологиялық кезеңге қадам басуы жас ұрпақ үшін зор мүмкіндік ашатыны анық. Біз ардагерлер қауымы ретінде жастардың білімді, бәсекеге қабілетті, жаңа заманға бейім болып өсуін қолдаймыз. Цифрлық өзгерістер халықтың өмір сапасын жақсартуға, елдің болашағын нықтауға қызмет етеді деп сенеміз.
Кейінгі 2-3 жылда әлемде жасанды интеллект мен оған құрылған технология салаларының қарыштап дамып бара жатқанын көріп жүрміз. Еліміз де бұл технологиялық көштен қалып қойды дей алмаймыз. Банк қосымшалары арқылы қарапайым күнделікті коммуналдық төлемдер жасаудан бастап мемлекеттік органдардың қызметін алу, бизнестегі қызмет көрсету сияқты салалардың біразы чатбот сияқты онлайн қызметке әлдеқашан көшіп кеткен. Десек те, Президент қол жеткен жетістікпен тоқтап қалмай, цифрландыру саласын одан ары жетілдіріп, денсаулық сақтау, білім, ғылым, қорғаныс сияқты маңызды салаларда ЖИ технологияларын қолданудың маңызы зор екенін дұрыс болжап отыр.
Базарбай Оралбаев,
Қонаев қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы