[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қазан 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Есіңе мені алғайсың…

    27.09.2025
    in Әдебиет, Барлық жаңалықтар, Руханият
    Есіңе мені алғайсың…
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Қазақ музыка өнерін әлемдік биікке көтерген даңқты композитор, атақты дирижер, дәулескер күйші Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойлануда. Дара тұлғаның асыл мұрасы қазақтың ғана емес, бүкіладамзаттық құндылықтар қатарын толықтырды.

    Өнер саңлағының өмір жолына үңілсек, артына өрнегі бөлек өрен жүйріктің мұрасындай 500-ден астам туынды қалдырған екен. Көптеген қаламгермен бірлесіп, әсем әндерді дүниеге әкелген. Соның ішінде Нұрғиса мен Мұқағали тандемін ерекшелеп айтқымыз келеді. Ақын мен композитордың бір ай бойы шығармашылық байланыста болғаны, нәтижесінде отызға жуық ән туғаны – өмірде сирек кездесетін үлкен оқиға. Сол күндердің ұмытылмас сәттерін кезінде Нұрғиса Тілендиевтің зайыбы Дариға апамыздың өз аузынан естігенде таңғалғанбыз. Ол кісі сағынышқа толы естелігін тебірене әңгімелегені жадымызда сақтаулы.
    Жетпісінші жылдардың ортасында Мұқағали халыққа кеңінен таныла бастаған. Жырларын ел сүйініп оқыды. Ұлттық бояуы қанық, айтар ойы анық ақын өлеңдеріне Нұрғиса да тәнті болыпты. Жыр перзентінің әр шығармасы әнге сұранып тұрғандай әсерге бөлеген. Оқыған сайын құлағына сазды әуендер құйылып, композитордың жандүниесін толқытады. Көзқарасы өзімен ұқсас ақынды іздегені сондықтан.
    – Әні әуелеген, атағы дүркіреген Нұрекеңе қаламгерлер жиі келетін. Үйдегі телефонға да тыным жоқ. Композитордың мазасын алмайтын, қолқа салмайтын бір адам болды. Ол – Мұқағали! Сондықтан Нұрекең ақын інісін өзі тапты. Оның бойындағы адуын күшті, тасыған талантты тап басып таныды. Сол күндері біздің үй ән мен жыр бұлағын қатар жарыстырған шабыттың қайнар көзіне айналды, – деген еді Дариға апамыз.
    Ақын мен композитор шығар­машылық жұмысқа белсене кіріседі. Уақытпен санаспай, еселі еңбек етеді. Бірінің ойын екіншісі толықтырады. Өйткені қос таланттың таным-түсінігі, парасат-пайымы деңгейлес еді.
    «Композитор рояльмен сырласты. Ақын ақ қағазға жүгінді. Соның нәти­жесінде туған шығармалар екі автордың емес, бір адамның жүрегін жарып шыққандай қиыннан қиыса қабысып, дүниені тербеді. Қос жүйрікке сәттілік тілеген мен күн сайын жақсы жаңалық күтуден жалыққан емеспін. Шабыттың ләззатындай тәтті қуаныш дүниеде жоқ шығар?! Тырс еткен бөгде дыбыс осы сәттің тынышын бұзып алатындай, аяқтың ұшымен басып, ол кісілерге қызмет көрсеттім. Екі ұлы адамның жұмысына осылай үлес қосқанымды әлі күнге дейін мақтаныш етемін. Ондай жандардың біріккені жақсы. Соның арқасында үлкен еңбектер ғана тумайды, шоқтығы биік өнеге пайда болады. «Жақсы ауылдың баласы бірін-бірі батырым дейтін» қағида осыны меңзейді. Нұрғиса – Мұқағали тандемін ұлттық тұрғыда қарастырсақ ұтамыз», ­– деп сөзін сабақтаған болатын.
    Отыз күннің ішінде отызға жуық ән шығару оңай емес. Олар әр туындының сапалы болуы үшін барын салды. Халықтың жүрегіне жететініне сенді. 1975 жылы Алматыдағы мемлекеттік филармонияның үлкен залында композитордың есептік концерті өткен екен. Мұқағалидың өлеңіне жазылған жаңа әндер тұңғыш рет орындалыпты. «Сөнбейді, әже, шырағыңды» – Бақыт Әшімова, «Кел, еркем, Алатауыма» әнін – Бибігүл Төлегенова, «Сарыжайлауды» Нұрғали Нүсіпжанов шырқағанда залда отырған көрермен орындарынан тік тұрып, дүркірете қол соққан.
    Қос таланттың шығармашылық жолы осылай сәтті басталғанда 1976 жылы 27 наурызда Мұқағали дүниеден озады. Ауыр науқасқа ұшырағанын ағасына білдірмеген. Бірақ ком­позиторға арнап хат тастап кеткен екен. Онда «Есіңе мені алғайсың» өлеңі жазылған. Сондағы оқиғаны ойға оралту үшін тағы да Дариға апамыздың естелігіне жүгінейік.
    «Саусақтары дірілдеген Нұрекең қағазға үңілді. Бұл – ақынның ақырғы аманаты мен қоштасуы секілді. «Қайран, Мұқаш! Сенің қиналған жаныңды мен мүлдем білмеппін ғой! Білдірмепсің. Қалыпты күйіңді бұзбай, еселеп еңбек еттің. Тататын дәміңнің тіршілікте аз қалғанын сездірмедің. Бізді жайдары жүзіңмен алдапсың! Мұндай қайсарлық пен төзім тек сенің ғана қолыңнан келеді», – деп өксіді. Содан кейін ақырын барып, рояльдің пернелерін басты. Күйсандық композитормен бірге жылағандай «Есіңе мені алғайсың» деп күңірене тіл қатты. Ән санаулы минуттардың ішінде жазылды. Ғажап туындыға айналды. Бұл да Нұрекең өміріндегі мен түсіне алмаған құбылыстардың бірі еді», – дейді Дариға Тілендікеліні.
    Бүгінде тарихи шығарманың әнін жазған Нұрғиса Тілендиев те, сөзін жазған ақиық ақын Мұқағали Мақатаев та арамызда жоқ. Сол сәттерге куә болған Дариға апамыз да биыл көктемде дүниеден озды. «Отырар сазы» оркестрін баяғыдай дүр сілкіндіріп композитордың қызы Дінзухра халқына қызмет етіп келеді. Кеше ғана Францияның астанасы Парижде Нұрғиса шығармаларының орындалғаны еліміз үшін ортақ қуанышқа айналды. Халықаралық сахнада шырқалған сол концертте «Есіңе мені алғайсың» әні де әуелеген шығар.

    Болат МӘЖИТ

    Ұсынымдар

    Международная Иле-Балхашская ХХ регата

    Іле-Балқаш Регатасы шақырады

    1 year ago
    Алматы облысында бірмандатты жүйемен сайланған мәслихат депутаттары анықталды

    Алматы облысында бірмандатты жүйемен сайланған мәслихат депутаттары анықталды

    3 years ago
    Биыл Алматы облысында 9 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапқа тартылды

    Мемлекеттік қызмет туралы заңға қандай өзгерістер енгізілгені түсіндірілді

    2 years ago
    Есіңе мені алғайсың…

    Есіңе мені алғайсың…

    1 week ago
    Сырбаз ақын сыр ақтарды

    Сырбаз ақын сыр ақтарды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>