⛅
16°C
Қонаев
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Ісімен үлгі

    16.09.2025
    in Ауыл тынысы, Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Ісімен үлгі
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Әне-міне дегенше, жаймашуақ жаз да өтіп, қоңыр салқын күз де келіп жетті. Жаздың әр күнін тиімді пайдалану мал шаруашылығымен айналы­сатын жандар үшін өте маңызды. Мұны ескерген бал­қаш­тық шаруалар ала жаздай тыным таппастан шөп орды. Бұл жауапты науқанның қалай жүзеге асып жатқанын білу мақсатында Балқаш аудан­дық ауыл шаруашылығы бөлімі­нің басшысы Бүркіт Мұқановпен бірге «Өтес-Ақдала» жауапкершілігі шек­теу­лі серіктестігінің №1 бөлім­­шесіне арнайы барып, ол жер­дегі қызу еңбекті көзбен көрдік.

    Біз атбасын бұрған шаруашылық қысқы мал азығын дайындау жұмысын жүйелі атқарып, өздеріне тиесілі 429 гектар суармалы жерге егілген жоңышқалықтың екінші орылымын ойдағыдай аяқтап, үшінші орылымға шалғы салып жатыр екен.
    Аталмыш шаруашылықтың бөлім­ше басшысы Марат Дүйсенов пен механизатор Жанат Жолдасұлының атқаратын жұмысы шаш-етектен болса да бір сәтке тізгін тартып, үшінші рет орылатын шүйгін шөптің құнары және науқанға ала жаздай жұмылдырылған техникалар мен оларға қанша жанар-жағар май жұмсалғаны, егіс алқапта демалыссыз еңбек еткен жұмыскерлердің жағдайы жайында айтып берді.
    Мұнан соң Марат Жолдасұлы 386 гектар жерге егілген күріш алқабын аралатып көрсетті. Диқаншының айтуынша, биылғы жаз айларындағы аптап ыстық күріш дақылының жақсы өсіп-жетілуіне оң ықпалын тигізген. Ақ күмістен сапалы өнім алу үшін қажетті тыңайтқыштар да қолданылған.
    Бір айта кетерлігі, Марат Дүйсенов қысқы мал азығын дайындау жұмысын тұрақты кәсіпке айналдырған. Өйткені ол өз қаражатына шөп шабуға арналған бір «Германка» комбайнын және бір шөп бастырғыш, екі «МТЗ-80» тракто­рын сатып алған. Шөп тиегіш құрылғы орнатылған «МТЗ-80» тракторын өзі тізгіндеп, барлық жұмысты механиза­торлармен бірге атқарып жүр.
    Жастайынан егіс алқабында тер төгіп, адал табыс тауып жүрген ағайынды Жанат пен Марат Дүйсеновтер – нағыз еңбек иелері. Олар әке жолын жалғастырып жүрген Ақдала ауылының беткеұстар азаматтары. Күн-түн демей, еңбектің қара қазанында қайнаған жандар өзгелерге ісімен үлгі.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Штапель талшығын өндіру бойынша «Фибратекс» ЖШС жобасы туралы

    Штапель талшығын өндіру бойынша «Фибратекс» ЖШС жобасы туралы

    4 months ago
    Испанияның 11 дүркін чемпионын тізе бүктірді

    Испанияның 11 дүркін чемпионын тізе бүктірді

    2 years ago
    ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

    ЖҰМЫСШЫ МАМАНДАРҒА СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

    8 months ago
    Заречный амбулаториясы – ауыл мақтанышы

    Заречный амбулаториясы – ауыл мақтанышы

    5 months ago
    Жастарға кәсіп бастауға шағын несие беріле бастады

    Жастарға кәсіп бастауға шағын несие беріле бастады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>