⛅
17°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қыркүйек 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Конституция – бірліктің негізі

    05.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Конституция – бірліктің негізі
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

        Қазақстан – түрлі ұлт өкілін біріктірген ел. Осы орайда, Ата Заңымыздың 30 жылдығы – шын мәнінде бүкілхалықтық мерекеге айналды. Бұл туралы Қаскелеңдегі «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалы ғимаратында өткен дөңгелек үстел барысында айтылды.

     Шараны аудандық отбасын қолдау орталығының директоры, Қарасай аудандық мәслихатының депутаты Елена Константинова ұйымдастырды.  Түрлі этнос өкілдері қатысқан жиында «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы Қаныбек Айтжанов көпшілікке құттықтау сөзін арнап,  Конституция – еліміздің басты құжаты екенін, онда біздің барлық құқықтарымыз бен міндеттеріміз, мемлекеттік органдар мен институттардың жұмысы айқындалғанын атап өтті.

    – Тағдырдың жазуымен Қазақстанда көптеген этнос өкілдері қоныстанған, – деді Қаныбек Құлжабайұлы. – Олар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді. Біз бейбітшілік пен келісімді сақтай отырып, Отанымыздың өркендеуіне бар күшімізді саламыз.

    Бұл мереке жөнінде өз пікірін «Ахыска» түрік этномәдени орталығының төрағасы Илимдар Камилов та білдірді:

    – Қазақстан – ерекше мемлекет, оның ең басты байлығы – адам капиталы, – деді ол. – Мұнда депортацияның ауыр кезеңін бастан өткерген түрлі этнос өкілдері тұрады. Біз бір отбасыға айналдық және бүгін бәріміз бірігіп Ата Заңымыздың 30 жылдығын атап өтудеміз. Әрқайсымыздың алдында тұрған басты міндет – бейбітшілікті сақтау!

    Қарасай аудандық «Барбанг» күрдтер қауымдастығы филиалының төрағасы Азиз Гасанов Конституция әрбір азамат үшін қасиетті жарғы екенін айтып, бұл құжат барша адамдарға тең құқық пен мүмкіндіктер беретініне, Әділетті Қазақстанды құруға жол ашатынына тоқталды.

    Корей халқы атынан сөз сөйлеген жекеменшік «Немере» мектебінің директоры Эльвира Угай Қазақстан барлық этнос тілін, дәстүрін, мәдениетін сақтауға мүмкіндік бергенін жеткізді.

    Дөңгелек үстел барысында ұсыныстар да айтылды. Елена Констинтинованың айтуынша, аталған орталық түрлі ұлт өкілдерінен тұратын қиын жағдайдағы отбасылармен жиі кездеседі. Олардың мәдениеті мен дәстүрін тереңірек түсіну, сондай-ақ өзекті мәселелерін шешу үшін этномәдени орталықтардың көмегі қажет болуы мүмкін. Сонымен қатар, ол бұқаралық ақпарат құралдарында үлгілі отбасыларды насихаттауды ұсынды. Мұндай отбасыларда бала тәрбиесі, еңбекқорлық және басқа да жалпыадамзаттық құндылықтар насихатталуы керек. Бұл ұсынысты барлық қатысушылар бірауыздан қолдады.

    Жиында әлеуметтік желілердегі киберқауіпсіздік мәселелері де көтерілді. Бұл туралы әлеуметтік кәсіпкер Әсел Жылқыбаева айтып өтті. Ең алдымен, ұлтаралық араздықты қоздыратын ақпараттар мен пікірлерге жауап беруге болмайды. Мұндай әрекеттерді қоғамды тұрақсыздандыруды көздейтін арнайы бот-компаниялар ұйымдастырады. Сонымен қатар «сауалнамаға қатысыңыз», «бес мың теңге ұтып алыңыз», «сыйлық алыңыз» деген сияқты күмәнді сілтемелерге өтпеу қажет. Олар зиянды бағдарламалар болуы мүмкін.

    Шараны жас өнерпаздар сәнге бөлеп, көркемдей түсті. Ұлан ауылынан шыққан дарынды қыз Самира Худаева домбырада күй шертті.

    Тұрар ауылынан келген Сүлеймен Бурсалов бастаған «Серпін» триосы ерекше композиция орындады.

    Жиын соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, барлығы бірігіп Қазақстан Республикасының Конституциясына – көпұлтты еліміздің басты құжатына қолдарын қойды.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Кісілік пен кішілік

    Кісілік пен кішілік

    1 month ago
    Назым Қызайбай Париж Олимпиаадасында қол медаль иеленді

    Назым Қызайбай Париж Олимпиаадасында қол медаль иеленді

    1 year ago
    Әр азаматқа тең мүмкіндіктер беретін ел құрамыз – Президент

    Әр азаматқа тең мүмкіндіктер беретін ел құрамыз – Президент

    1 year ago
    Алматы облысының тұрғындары МӘМС-ке 32 млрд теңге жарна төледі 

    Алматы облысының тұрғындары МӘМС-ке 32 млрд теңге жарна төледі 

    10 months ago
    Ахыска түріктері

    Ахыска түріктері

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>