-13 °c
Qonaev
Sunday, May 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Қазыналы қаламгер

    02.08.2024
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар
    Қазыналы қаламгер
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Ұзынбұлақ ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен «Туған жерге тағзым» жобасы аясында ардагер-журналист, Ұзынбұлақ ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Марат Тақабайұлымен кездесу өтті. Шараның мақсаты – қаламгердің өмір жолы, еңбектерін дәріптеу.

    Қазіргі таңда зейнет жасындағы ардагер-журналист Марат Тақабайұлы Кеген ауданы Ақтасты ауылында дүниеге келген. Осындағы Сарыжаз орта мектебін аяқтаған соң, Абай атындағы мұғалімдер даярлайтын институтты және Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын бітірген. Еңбек жолын қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары «Ұзынбұлақ» асыл тұқымды қой кеңшарында бастауыш комсомол ұйымының хатшысы, Ыдырыс Көшкінов атындағы және Ақсай орта мектептерінде мұғалім, Кеген аудандық партия комитетінде нұсқаушы, «Ұзынбұлақ» асыл тұқымды қой кеңшарында партия комитетінің хатшысы, Қазақстан Компартиясы Кеген аудандық комитетінің екінші хатшысы, «Жылысай» қой кеңшарының директоры болды. 1994 жылдың қаңтар айынан 2008 жылдың желтоқсан айына дейін Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімі қызметін абыроймен атқарып, зейнеткерлікке шықты. Сонымен бірге, қаламгерлік пен қайраткерлікті қатар алып жүрді. 2012 жылдан Ұзынбұлақ ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы.

    Қаламгердің жазған әңгіме, новелла, очерк, мақалары республикалық баспасөз беттерінде, облыстық «Жетісу» аудандық «Қарақара» газеттерінде үзбей жарияланып келеді. 2006 жылы «Бақыт баспалдақтары», 2014 жылы «Ағалар аманаты» атты кітаптары жарыққа шығып, оқырманға жол тартты. Басқа да публицистикалық және естелік мақалалары да кітап болып жарық көрді. Еңбек жолында 5 медалы, Алғыс хат, Құрмет грамоталарымен марапатталған, 2005 жылдан «Райымбек ауданының құрметті азаматы».

    Кездесу барысында «Ағалар аманаты» кітабына алғысөз жазған журналист Төлепберген Баялы ағамыз сөз алып:

    – Марат Тақабайұлының жазған хабар, мақала, көркем әңгімелері аудандық газеттен тартып, облыстық, республикалық басылымдарда жарық көргенін көзі қарақты оқырман біледі. Алғашқы еңбек жолын өзін түлеткен алтын ұя – мектептен бастаған Марат одан бері де комсомол, партия, шаруашылық жұмыстарына белсене араласып, тапсырылған міндеттерді абыроймен атқарды. Жауапты қызметте жүрсе де жазуға уақыт тапты. Жас ұрпақ тәрбиесінде де өзіндік із қалдырып, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты бойларына сіңіріп өсуіне, тілін, дінін, ділін берік ұстанып, кір шалмауына айрықша назар аударды. Орын алған олқылық, кемшілік, мінді де ашып көрсетіп, оны түзетуге, болдырмауға атсалысты. Қазіргі күнде де сол сергек-сезімтал қалпында, алғыр ой, ұшқыр қаламымен қоғам дамуына үн қосып келеді, – деді.

    Ұзынбұлақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Зинагүл Күнесбай іс-шараның маңызына тоқталып, кітапхананың тұрақты оқырманы Марат Тақабаевтың шығармашылығын насихаттап, ұрпақ тәрбиесіне қатысты ойымен бөлісу үшін бас қосып отырғандарын айтты. Өңірде әкелер мектебі құрылғанын да қуанышпен жеткізді.

    Кездесу барысында қазыналы қаламгер Марат Тақабайұлы өмірінің қызықты сәттерін, қиындығы мен қызығы қатар жүретін журналист мамандығының қыр-сырын оқырмандармен бөлісті. Мектепте жүргенде-ақ еңбекқорлығымен көзге түскен ардагер ағамыздың айтар естелігі көп-ақ екен. Оқырмандар Марат Тақабайұлының әңгімелерін зейін қойып тыңдай отырып, өз кезегінде сұрақтар қойды.

    «Көп оқып, іздену керек, халықты сүю керек, шындықты жазу керек. Жалқау болмай, бастаған ісің болса, соның нәтижесіне жету керек», – деп түйіндеді сөзін қаламгер.

    Кеш соңында Мәдениет үйінің директоры Ұлан Нұрақынов әсерлі әңгімесімен бөліскен қарт журналиске құрмет көрсетті.

    Дәурен Әбутәліпов,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    “Балалар кітапханасы” атты жаңа бағдарлама қолға алынады

    “Балалар кітапханасы” атты жаңа бағдарлама қолға алынады

    2 years ago
    Алмаы облысындағы пәндер олимпиадасынақатысып, жеңімпаз атанған оқушыларды марапаттау салтанаты. 20 ақпан 2023 жыл.

    74 оқушы республикалық олимпиадаға жолдама алды

    2 years ago
    Жұмысшы мамандықтарының жылы: Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау басталды

    Жұмысшы мамандықтар – Алматы облысының дамуы мен өркендеуінің негізі

    4 months ago

    Ауылшаруашылығындағы ауқымды жұмыс

    1 year ago
    Өрісі кең өндіріс

    Өрісі кең өндіріс

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.