⛅
15°C
Қонаев
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫ – ЕЛ БІРЛІГІ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ

    09.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жолдау, Қорғаныс, Лебіз
    ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАЛАРЫ – ЕЛ БІРЛІГІ МЕН  ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы – еліміздің дамуына айқын бағдар беретін стратегиялық құжат. Жолдауда айтылған әрбір тұжырым Ұлттық ұланның күнделікті қызметімен және азаматтық қоғамның сұранысымен үндесіп отыр.

    Президентіміз атап өткендей, «Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры». Бұл қағиданы берік ұстану – ұлттық қауіпсіздікті нығайту мен ел ішінде тұрақтылықты сақтаудың басты алғышарты. Қоғамда құқық бұзушылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру – барша мемлекеттік органдардың және әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осы бағытта Ұлттық ұлан жауынгерлері күн сайын тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау ісінде табанды қызмет атқарып келеді. Президенттің бұл саладағы бастамаларын біз толық қолдаймыз және оны жүзеге асыруға бар күшімізді саламыз.

    Жолдаудағы қоғамдық орындардағы дөрекілік пен тәртіпсіздікке қарсы тұру қажеттігі жөніндегі ой да өте орынды. Өркениетті қоғамның негізі – мәдениет пен әдеп. Әскери қызметші үшін де сыпайылық пен тәртіпті сақтау – басты қасиеттердің бірі. Сондықтан Ұлттық ұлан әскерилері қоғамдық тыныштықты күзетумен қатар, қоғамда сыйластық пен құрмет мәдениетінің орнығуына үлес қоса береді.

    Мемлекет басшысы ел бірлігін нығайтуға ерекше тоқталды. «Әрбір азамат мемлекетшіл, отаншыл болуы керек» деген сөз – біздің кәсіби парызымызбен толық үндеседі. Ұлттық ұлан сарбаздары үшін Отанға адал қызмет ету, егемендікті қорғау, жер тұтастығын сақтау – қасиетті борыш. Халқымыз татулықты сақтап, бірлігін арттырған жағдайда ғана біз кез келген қиындықты еңсеріп, алға нық қадам жасай аламыз.

    Президентіміз жастардың жаңа ұрпағына үлкен сенім артып отыр. Жолдауда айтылғандай, қазіргі жас буын үшін патриотизмнің басты көрінісі – жасампаздық пен жаңашылдық. Бұл – уақыт талабына сай құбылыс. Жастар ғылым-білімге ұмтылып, заманауи технологияларды меңгеріп, жасанды интеллекті игеру арқылы Қазақстанды өркениетті елдер қатарына қосуға талпынуда. Ұлттық ұлан қатарындағы жас сарбаздар да осы ұмтылысты өз бойына сіңіріп, ел дамуына өз үлестерін қосуға дайын.

    Хакім Абайдың «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген сөзі – әрбір қазақстандық үшін өмірлік ұстаным болуы тиіс. Мемлекет басшысы бұл ойды жалғастырып, өркениетті елдің басты ерекшелігі – әділ заң, білікті билік, саналы әрі белсенді азаматтар екенін атап көрсетті. Бұл қағидаттар – құқықтық тәртіп әскері қызметінің де негізі. Әрбір әскери қызметші әділдікке, тәртіпке, елге адалдықпен қызмет етуге ант берген.

    Жолдауда көтерілген тағы бір маңызды мәселе – мемлекет деңгейінде қабылданған шешімдер халықтың тұрмысын жақсартуға, экономиканы тұрақтандыруға және әлеуметтік әділеттілікті орнықтыруға бағытталуы тиіс екендігі. Бұл – елдің жаңа тұрпатты, қуатты мемлекетке айналуының басты жолы. Ұлттық ұлан өз кезегінде ішкі тұрақтылықты нығайтуға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосып, осы үлкен мақсатқа қызмет етеді.

    Қазақстан бүгінде жан-жақты, түбегейлі реформалардың арқасында дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Алда ауқымды міндеттер тұр. Біз бағдарымыздан айнымай, алға қарай нық қадам бассақ қана мықты мемлекет боламыз. Президентіміздің стратегиялық бастамаларын жүзеге асыруда Ұлттық ұлан әскери қызметшілері әрқашан алдыңғы сапта болып, халық пен мемлекетке адал қызмет етеді.

    Талапкер ӘМІРЕЕВ, генерал-майор,

    Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 

    «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының қолбасшы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында Жастар күні: марапаттар мен үлкен Open Air мерекесі

    Алматы облысында Жастар күні: марапаттар мен үлкен Open Air мерекесі

    1 month ago
    Жастарды жат ағымнан сақтайық!

    Жастарды жат ағымнан сақтайық!

    1 year ago
    Жалпылама декларациялаудың үшінші кезеңі аяқталады

    Отбасылық бюджет: биылдан бастап салық шегерімдері кімдерге беріледі?

    8 months ago
    Жаңа бөлімше ашылды

    Жаңа бөлімше ашылды

    9 months ago
    Жастардың санасын улайтын 3 мыңға жуық шетелдік сайт бұғатталды

    Жастардың санасын улайтын 3 мыңға жуық шетелдік сайт бұғатталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>