-13 °c
Qonaev
Thursday, June 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Дәрігерлер ағза трансплантациясы мәселелерін талқылады

    05.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Дәрігерлер ағза трансплантациясы мәселелерін талқылады
    0
    SHARES
    1
    VIEWS
    Алматы облысында 160 адам донорлық ағзаға зәру. Өкінішке қарай, науқасқа екінші өмір сыйлауға қоғамдық сана дайын емес. Бұл туралы транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың директоры Айдар Сейтказинов сала мамандарының қатысуымен өткен конференцияда мәлімдеді.
    Ресми деректерге сүйенсек, елімізде 4 мыңнан астам жан ағза ауыстыруға кезекте тұр. Оның ішінде 3643 ересек, 80 бала бүйрек трансплантациясына зәру. Екінші орынға бауыр трансплантациясы шыққан. 178 адам бауырын ауыстыру үшін кезегін күтуде.
    Науқастардың дертін жеңуіне донорлық көмек ауадай қажет. Алайда, мәйіт доноры дамымаған. Туысының ағзасын өзге адамға салуға көбі қарсы.
    Статистикалық деректер көрсеткендей, елімізде 100 мыңнан астам адам мәйіт донорлығына түбегейлі қарсы екен. Тек, 6 782-і ғана өзгеге екінші өмір сыйлауды қолдаған.
    «Мәйіт донорлығына ми өлімі диагнозы қойылған кезде ғана рұқсат етеді. Оның өзінде марқұмның туыстары келісім берсе ғана, мәйіт доноры деп танылады», – дейді спикер.
    Алматы облысында ахуал мәз емес. 160 адам, оның ішінде 20 бала ағза трансплантациясына мұқтаж.
    Мамандар трансплантациялық ота жасауда ең бірінші науқас балаларға басым назар аударылатынын айтты. Мәселен, қос бүйрек болса оның бірі бүйрек трансплантациясын күтіп отырған балаларға салынады.
    Алдағы уақытта облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесе отырып, мамандарды даярлау, ағалық донорлық пен трансплантациялық үйлестіруді дамыту жайында баянды бастамалар қолға алынатын болады.

    Ұсынымдар

    Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында топ жарды

    Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында топ жарды

    2 years ago
    Ғасыр әже

    Ғасыр әже

    1 year ago
    ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

    ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

    4 months ago
    Алматы облысында жоғары кернеулі 10 станция салынады

    Алматы облысында жоғары кернеулі 10 станция салынады

    12 months ago
    Татулық тірегі

    Татулық тірегі

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>