⛅
12°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қазан 27, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Балаларға базарлық

    24.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Балаларға базарлық
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

           Қонаев қалалық кітапханасында 24 қазан – Кітапханашылар күніне орай балалар бөлімі ашылды. Онда балалар әдебиетіндегі озық туындылар топтастырылып, «TikTok» алаңы да қарастырылған. Осы арқылы жас оқырмандарды кітап әлемінің ғажайыптарымен таныстырмақ.

    Шараға облыстық әмбебап кітапханасының директоры Ғалия Тоқабаева, Қазақстан Жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы Ержан Тоқтар, респуб­ликалық «Балдырған» журналының бас редакторы Ерғали Бақаш, Қонаев қалалық мәслихатының депутаты Ержан Бүркітбай қатысып, жаңа бөлімнің лентасын қиды.
    – Кітапханамыздағы он мың оқырманның 35 пайызы – балалар. Сол себептен оларға ерекше көңіл бөліп, ыңғайлы болу үшін жеке бөлім ашуды жөн көрдік. Модернизациядан кейін қосымша 8 штат берілген болатын. Қазір үш қызметкер балалармен жеке жұмыс істейді. Кітапхана тек кітап алып, қайта өткізетін орын емес. Бүгінде ол заманауи трендтен қалмай, дәуір ағымына ілесіп келеді. «TikTok» алаңы – соның дәлелі. Олар басында бейнеүзінді түсіруге келуі мүмкін. Бірақ мұндағы түрлі-түсті, көздің жауын алатын кітаптарды көріп, міндетті түрде біреуін оқуға алып кетеді. Бөлім ашылмай жатып, дайындық кезінің өзінде балалар қызығып, келіп жатты. Бізде мобильді бағдарламалар арқылы кейіпкерлерге жан бітетін кітаптар бар. Көбі соларды көріп, тамсанып жатты. Бұл жас ұрпақтың болашақта ақыл-білімі терең, ойлау өрісі кең болуына көмектеседі, – деді Айгүл Бегімбайқызы.
    «Балдырған» журналының бас редакторы Ерғали Бақаш бала жандүниесінің ерекшелігіне сай бөлімнің маңыздылығына тоқталып, жеткіншектерді кітап, газет-журнал оқуға тәрбиелеу керектігін тілге тиек етті. «Біз балаға кітап оқы деп қанша үгіттегенімізбен, өзі қызықпаса ол да көмектеспейді. Сол үшін олармен бірге оқиғаны талдап, қызық тұстарын әңгіме етіп, балалар әлеміне енуіміз керек. Кірпіштей қалың кітап бергенмен, бүлдіршінге ол қиындық тудырады. Жас ерекшелігіне сай шығармаларды таңдап, сол арқылы тәрбиелеп, жетелеу керек. Бүгінде балабақша тәрбиешілерінен бүлдіршіндерге жаттататын жібі түзу өлең жоқ дегенді жиі естимін. Бірақ балаларға арналған басылымдар көп. Онда жұмбақ, санамақ, ертегі, әңгіме мен мақалалардың түр-түрі жарияланып жатады. Соны оқып, дағдыланып, болашақта қаламгер болып шығуы да мүмкін. Сондықтан кітапхана ішінде балаларға арнайы бөлімнің ашылғаны қуантады, – деді ол.
    Кітапхананың тұрақты оқырманы Іңкәр Болат жаңа бөлімнің кең әрі кітап оқып, үй жұмысын орындауға ыңғайлы екенін жеткізді, мұндай жағдай жасаған ұйымдастырушыларға алғысын айтты. Сондай-ақ «Гүлдер» балабақшасының тәрбиеленушілері мен «Асыл» өнер мектебінің өнерпаздары ән мен күйдің әсем әуенімен шараның шырайын аша түсті.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Аймақтар дамуының ізашары

    Аймақтар дамуының ізашары

    1 year ago
    Ғылым мен технологиядағы тың серпін

    Ғылым мен технологиядағы тың серпін

    7 months ago
    Астанада ТКМ саласындағы корпоративтік университеттердің Қазақстандағы алғашқы халықаралық форумы өтті

    Астанада ТКМ саласындағы корпоративтік университеттердің Қазақстандағы алғашқы халықаралық форумы өтті

    5 months ago
    Ақтау түбінде Әзербайжан ұшағы құлады

    Ақтау түбінде Әзербайжан ұшағы құлады

    10 months ago
    Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын

    Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>