⛅
-2°C
Қонаев
Жұма, Желтоқсан 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Еділдің ерен еңбегі

    16.10.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Еділдің ерен еңбегі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

        Аграрлы аймақ саналатын Жамбыл ауданында ауылдың тыныс-тіршілігіне дем беріп жүрген маман иелері баршылық. Солардың бірі – Еділ Болатқұлов. Ол мал дәрігері болып жұмыс істейді.

    Бұл мамандықтың халық денсаулығын қорғауда маңызы үлкен. Жануарлар арасында болатын жұқпалы ауруларға адам баласы ерте кезден-ақ көңіл аударып, аурудың белгілерін, таралу заңдылықтарын зерттеген. Нәтижесінде аурумен күресу шараларын тапқан. Кейбір жұқпалы аурулардың адам мен малға ортақ болуына байланысты індеттің таралуын бірге қарастыруға тура келеді. Сондықтан медицина мен ветеринария бір-бірімен тікелей байланысты. Бұл Еділ Болатқұлов сияқты білікті мамандардың еңбегінің адам денсаулығы үшін аса маңызды екенін білдіреді. Өз маман­дығы жөнінде ол: «Ветеринарлық саланың негізгі міндеті – аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу. Оны диагностикалау, малдан алынатын тамақ өнімдері мен шикізаттың адам өміріне қауіпсіздігін қамтамасыз ету», – дейді.
    Бұл мамандық иелеріне жүктелер жауапкершілік зор. Ел арасында олардың абырой-беделі де артып келеді. Мемлекет басшысы биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауы – адал еңбек иелеріне көрсетілген зор құрметтің белгісі. Қалтқысыз қызметімен жұрт­шылық алғысына бөленіп жүрген Еділ Бекболатұлы сондай құрметке лайық жанның бірі. Оның білімі мен тәжірибесі жастарға үлгі боларлық­тай.
    Жалпы мал дәрігерлерін ауыл тұрғын­дарының денсаулығына да, әл-ауқатына да тікелей ықпал ететін маңызды кәсіп иесі деуге болады. Себебі олар малға вакцина егу арқылы халықтың жұқпалы аурудан сақтануы, тұтынатын тағамының сапалы болуы үшін жұмыс істейді. Тұрғындардың тұрмыстық жағдайына да тигізер әсері жоқ емес. Өйткені мал шаруашылығы көпшіліктің күнкөріс көзі болып отыр. Төрт түлікті өсіріп, сатып, одан табыс табады. Сондықтан Еділдей азаматтардың күнделікті еңбегі ауылдың тыныс-тіршілігіне дем беріп тұрғандай көрінеді.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    4 мың тұрғыны бар ауылға газ тартылды

    4 мың тұрғыны бар ауылға газ тартылды

    12 months ago
    Ұлт болашағы – ұлттық тәрбиеде!

    Ұлт болашағы – ұлттық тәрбиеде!

    4 weeks ago
    «Ауыл Аманаты»: ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған кешенді шаралар

    «Ауыл Аманаты»: ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған кешенді шаралар

    4 months ago
    Жол құрылысы неге баяу?

    Жол құрылысы неге баяу?

    3 years ago
    Жылыжай – береке бастауы

    Жылыжай – береке бастауы

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>