⛅
-22°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Есімдері ел есінде

    21.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Есімдері ел есінде
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Жазушы, қоғам қайраткері Бақтығали Айжігітовтің бастамасымен Талғар қаласындағы №25 мектеп-гимназиясында «Кемелтанушылар клубы» ашыл­ғанына көп уақыт бола қойған жоқ. Соған қарамастан, клуб мүшелері жас ұрпақты отаншылдық рухында тәрбиелеу бағытында жиі-жиі тартымды да тағылымды іс-шаралар ұйымдастырып келеді.

    Аудандық Мәдениет үйінде өткен осындай шаралардың бірі «Батырлар мәңгі ұмытылмайды» деп аталды. Ол ІІ Дүниежүзілік соғыста Рейхстагқа алғаш болып Жеңіс туын тіккен Қазақстанның Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 101 жыл және отандық детектив жанрының атасы, көркемсөз шебері, соғыс ардагері Кемел Тоқаевтың туғанына 102 жыл толуына арналды.
    Шара LED-экранда Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов көрсетіліп, мектеп оқушылары олардың Жеңіс Туын тігер алдындағы әңгімесін сахналаған бейнекөріністен басталды. Қардай бораған жау оғына қарамастан, Булатов төменде, Қошқарбаев Рейхстаг­тың үстіне шығып, Жеңіс Туын тігеді. Осы көріністің өзі зал лық толған оқушыларды бейжай қалдырмағаны сөзсіз.
    Әрі қарай әйгілі «Жеңіс күні» әні орындалды. Жүргізуші Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы ойын» оқып, оркестр «Әке толғауы» күйін орындады. Бұл да тыңдаған жанның рухын көтеріп, саналыға ой салатын сезімтал сәт болды.
    «Кемелтанушылар клубы» тек өз елімізде ғана емес, атақты жазушы мен Халық қаһарманы әскери училищеде оқыған Бішкек қаласында, қазақстандық жауынгерлер ерліктің өшпес үлгісін көрсеткен Ресейдің бірнеше өңірінде де отандастарымыздың ерлігін дәріптеп, ел есінде қалдыру мақсатында үлкенді-кішілі шаралар ұйымдастырып жат­қанын айта кеткен орынды. Сондай игі істердің бірі – қыркүйек айында Бішкек қаласындағы №33 мектеп-гимназиясында өткен үлкен көрме. Оған екі елдің зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, мемлекет қайраткерлері, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Бұған дейін Бақтығали Айжігітов ағамыз осы мектепке Кемел Тоқаев немесе Рақымжан Қошқарбаевтың есімін беру туралы үш рет хат жолдаған болатын. Қырғыз билігі қоғам қайраткерінің ұсынысын қабыл алып, Жеңістің 80 жылдығы тұсында мектепке Кемел Тоқаевтың есімі берілді. Бұл – екі туысқан ел арасындағы достық қарым-қатынас пен бауырмалдықты одан әрі нығайтатыны сөзсіз.
    Естеріңізге сала кетейік, отандық детектив жанрының атасы саналатын көркемсөз шебері, соғыс ардагері І және ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы ордендері, екі мәрте «Ерлігі үшін» және басқа да көптеген медальдардың иегері Кемел Тоқаев 1923 жылы 2 қазанда дүниеге келсе, Рейхстагқа Жеңіс Туын алғаш болып тіккен Қазақстанның Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев 1924 жылы 19 қазанда туған.
    Шараның мақсаты – аталарымыздың өшпес ерлігін өскелең ұрпаққа үлгі етіп, оларды елін, жерін сүйетін, әрқашан Отанын қорғауға дайын тұратын патриоттық рухта тәрбиелеу. Кеш барысында қос батырдың ерлігін айғақтайтын құжаттар және Кемел Тоқаевтың шығармалары қойылған көрме ұйымдастырылды. «Кемелтанушылар клубының» мүшелері ән-жыр орындап, жиналған көпшілікті батырлар даңқына лайық болуға үндеді. Сондай-ақ Қырғызстанның еңбек сіңірген әншісі, композитор, айтыскер ақын Ақмөлдір Орманбекова «Кемел аға» әнін әуелете шырқады.
    Шара соңында «Ер Намыс» қоғам­дық бірлестігінің төрағасы, «Алаш прайд» спорт қоғамының құрметті ардагері, профессор Ерболат Алиядин және аудандық мәслихат төрағасы Мұхит Әлібековтің атынан Талғар ауданының Құрметті азаматы, қоғамдық кеңес мүшесі Құндыз Хасанова бір­неше жылдан бері жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор патриоттық іс-шараларға белсене қатысып, өз үлес­терін қосып келе жатқан бірқатар қоғам белсендісін, ұстаздар мен оқушыларды және «Кемелтанушылар клубының» мүшелерін марапаттады.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Депутат Ардақ Назаров малшылар мәртебесі туралы айтты

    Депутат Ардақ Назаров малшылар мәртебесі туралы айтты

    3 years ago
    Еріктілер көмегі

    Еріктілер көмегі

    6 months ago
    Іле ауданында өнеркәсіп аймағындағы өрт оқшауланды

    Іле ауданында өнеркәсіп аймағындағы өрт оқшауланды

    2 years ago

    Заманауи емхана ашылды

    2 years ago
    В Астане открыт филиал Пекинского университета языка и культуры — первый центр китайского языкового образования в Центральной Азии

    В Астане открыт филиал Пекинского университета языка и культуры — первый центр китайского языкового образования в Центральной Азии

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>