⛅
4°C
Қонаев
Сейсенбі, Ақпан 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қарияларға құрмет

    02.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Қарияларға құрмет
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

         Даналығы мен өмірде жиған тәжірибесін өскелең ұрпаққа өсиет етіп, ақылын айтып отыратын қарияларымыздың қашанда орны бөлек. Осынау асыл жандарға құрмет көрсету мақсатында Халықаралық қарттар күніне орай «Қарты бар елдің қазынасы бар» атты мерекелік шара өтіп, ақ дастарқан жайылды.

    Шара барысында сөз алған Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев қазыналы қарттарға ізгі тілегін жеткізді.
    – Сіздер еліміздің дамуы, ауданы­мыздың көркеюі жолында үлкен еңбек еттіңіздер. Қазір де қоғамдық істерге араласып, жастарға бағыт-бағдар беріп отырсыздар. Сол үшін сіздерге зор алғыс айтамыз, – деді.
    Аудандық мәслихат төрағасы Алмасбек Нұғыман да ақ тілегін ортаға салды.
    – Сіздердің берген баталарыңызбен еліміз, жеріміз көгереді. Көрсеткен сара жолдарыңыз бен бастамаларыңызды жалғастыратын білімді де, ізденімпаз салауатты өмір салтын насихаттайтын ұрпақ көбейе берсін! Әркез аман болыңыздар! – деді ол.
    Шара барысында Кеген аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабыр Досымбеков, ақсақалдар алқасының төрағасы Көпжасар Нұрлыбай, Кеген ауданының Құрметті азаматы Нағима Таласбаева, Болат Таубалдиев сөз сөйлеп, ақ жаулақты әжелер мен ақ сақалды қарияларға көрсетілген сый-құрметке өз ризашылықтарын білдірді.
    Кеш аясында «Қарттарым, аман-сау жүрші», «Әке» әндері орындалып, «Адай» күйі күмбірледі. Аудандық жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бағдар­ламалар бөлімі қызметкерлерінің орындауындағы «Менің қос бәйтерегім» әні мерекенің шырайын аша түсті. Аудан өнерпаздары да арнайы концерттік бағдарламасын дайындап, кештің сәнін келтіріп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
    Шара соңында аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы ардагерлерге сый-сияпат табыстап, естелік суретке түсті. Қарттар өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің мазмұнын байыта түсті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Департаментке жаңа басшы келді

    Департаментке жаңа басшы келді

    2 years ago
    Жастарға жаңа мүмкіндіктер ашылды

    Жастарға жаңа мүмкіндіктер ашылды

    2 years ago
    Энергия тапшылығын жоюға қадам жасалады

    Энергия тапшылығын жоюға қадам жасалады

    1 year ago
    Әділетті Қазақстан құру жолындағы жаңа қадам

    Әділетті Қазақстан құру жолындағы жаңа қадам

    1 month ago
    Амал келді, жыл келді!

    Амал келді, жыл келді!

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>