-13 °c
Qonaev
Sunday, June 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Амал келді, жыл келді!

    15.03.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Амал келді, жыл келді!
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Қонаев қаласында «Наурызнама» онкүндігінің алғашқы Көрісу күні аталып өтті. Көрісу күнін мерекелеу Жамбыл көшесінің бойындағы аллеяда орнатылған шаңырақтың астындағы алаңқайдан бастау алды. Жыл басын тойлауға жиналған жұртшылық бірін-бірі қыстан аман-есен шығуымен, келіп жеткен Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, құшақтасып көрісті. Қонаев қаласының тұрғыны Жақабай Шыныбаев ақсақал ақ батасын берді. Мерекелік шарада бас қосқан тұрғындар облыстың өнер ұжымдары әзірлеген концерттік бағдарламаны тамашалады. Мерекелік шара одан әрі Халыққа қызмет көрсету орталығы мен қаладағы ірі сауда орындарында жалғасын тапты.

    – Былтыр еліміз бойынша Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы бекітіліп, әр күні белгілі бір тақырыпқа арналған «Наурызнама» онкүндігі жарияланды. Жаңаша форматта тойланатын Наурыз мейрамы Көрісу күнінен басталады. Көрісуден бастап облыс көлемінде түрлі деңгейдегі 368 іс-шара ұйымдастыру жоспар­ланған. Наурыз – қазақтың ғана емес, барша түркі жұрты мен парсы халықтары тойлайтын мереке. Осы орайда облысты мекендейтін көптеген этнос өкілдері «Наурызнама» онкүндігінің жоғары деңгейде өтуіне белсене атсалысатынын атап өткен жөн, – деді облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев.
    – Қонаев қаласында Наурыз мейрамын тойлау басталды. Көрісу күні қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы ғұрпымыз татулығы жарасқан еліміздің ырысты ынтымағын арттырып, берекелі бірлігін нығайтатыны сөзсіз. Көрісу күні құтты болсын! – деп ағынан жарылды «Нұр-Қамқор» әжелер ансамблінің жетекшісі Алтынкүл Амантаева.
    Қонаевта бастау алған онкүндік аясында мектептер мен балабақшалар ұжымы бір-біріне қонаққа барып, көрісіп, арқа-жарқа болды.

     Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Көктемгі егіс науқаны

    Үкімет басшысы: Көктемгі егіс науқанына 140 млрд теңге бөлінеді

    2 years ago
    Президент: Құмар ойындарға шектеу күшейеді

    Президент: Құмар ойындарға шектеу күшейеді

    2 years ago
    Қонаев әкімі тұрғын үй мердігерін сынға алды

    Қонаев әкімі тұрғын үй мердігерін сынға алды

    1 year ago
    ШҰҒЫЛ ЖИЫН ӨТТІ

    ШҰҒЫЛ ЖИЫН ӨТТІ

    7 months ago
    Жас маманға қолдау бар

    Жас маманға қолдау бар

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.