[um_weather city="Қонаев"]
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қарттарым – асыл қазынам!

    04.10.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Қарттарым – асыл қазынам!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

          Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдар­ламалар бөлімі өңірдегі әлеумет­тік осал топтарға жататын азамат­тарға мемлекеттік бағдарлама аясында қолдау көрсетіп, қамқорлық жасауды тұрақты жолға қойған. Осынау құзырлы орын тарапынан қамқорлықтың игілігін көрген жандар шарапаты мол шараларға әрдайым ризашылығын білдіріп, алғыс айтады.

    Әлеуметтік сала қызметкерлері Қарттар күніне орай жүректі жылытып, көңілді көркейтетін тағы бір сауабы мол іске мұрындық болды. Атап айтқанда, әр ауылдағы жалғызбасты қарттардың басын қосты. Аудан орталығындағы «Хафиза» атты мейрамханаға берекелі дастарқан жайып, мерекелік дәм ұсынды.
    Райымбек ауданының әкімі Дастан Құдабаев көпті көрген, өмірдің ыстық-суығына төзген, ұрпақтың бақыты үшін отқа да, суға да түсетін, заманның тыныштығы мен елдің береке-бірлігін тілеуден жалықпайтын қазыналы қарттарға өзінің ыстық ықыласын арнады. Әрбір отбасының, бір-бір ауылдың қорымалы саналатын қариялардың жүріп өткен өмір жолы бүгінгі ұрпақ үшін өнеге, қоғам үшін тәлім-тәрбиенің қайнар көзі екенін тілге тиек етті. Қазыналы қарттардың орны қашанда бағалы екенін айтып, көңілдерін кір, жүректерін мұң шалмауын, денсаулықтарының зор, өмірлерінің ұзақ болып, бай-қуатты ғұмыр кешулерін тіледі. Қарттарға деген қамқорлық аясы кеңейе беретінін жеткізді.
    Келесі кезекте сөз алған Райымбек аудандық мәслихат төрағасы Самат Мүсірбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Фариза Ысқақова қарияларды айтулы мерекемен құттықтап, шараның мән-маңызына қысқаша тоқталды. Асыл жандарға ақ тілектерін арнады.
    Мерекелік дастарқан басында Сапарбай, Жеңіс, Шәріпақын сияқты ақсақалдар, Сара, Бүбина секілді ақ самайлы аналар сөз ұстап, ізгі тілек-ниеттерін білдірді. Өздеріне осындай сый-құрмет көрсетіп отырған аудан әкімдігіне, әлеуметтік сала қызметкерлеріне алғыстарын айтып, батасын берді. Гүлзира, Бота, Ербақ, Дархан, Уәлихан сияқты аудандық Мәдениет үйінің күміскөмей, жезтаңдай әншілері әуелете ән салып, қариялардың көңіл-күйін еселеді.
    Мерекелі де берекелі дастарқан үстінде қарттарға аудан әкімдігі мен әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан арнайы сыйлықтар тарту етілді.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    ОТБАСЫ ҚУАНЫШЫ

    ОТБАСЫ ҚУАНЫШЫ

    6 months ago
    Сапасыз өнімдерге шектеу қойылды

    Сапасыз өнімдерге шектеу қойылды

    11 months ago
    “Таза Қазақстанға” жеке компаниялар да атсалысуда

    Колледжде шыңдалған кәсіп иелері

    1 year ago
    Алматы облысында шаруа қожалығы 1,5 млн теңге субсидиясын қайтарып алды

    Алматы облысында шаруа қожалығы 1,5 млн теңге субсидиясын қайтарып алды

    3 months ago
    ШЫҰ ықпалы арта береді

    ШЫҰ ықпалы арта береді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>