[um_weather city="Қонаев"]
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Киіз басу шебері

    04.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Киіз басу шебері
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Қарасай ауданы Райымбек ауылында қарапайым ауыл мұғалімі болған Күлән Жанғұтты бүгінде дүниежүзіне танымал этнодизайнерге айналды. Қазақстан Қолөнершілер одағының мүшесі. Халықаралық, республикалық өнер және сән көрсетілімдерінің жүлдегері, ЮНЕСКО сапа белгісінің иегері.

    Иә, бір кездері Күлән Құсайынқызы Райымбек ауылындағы Кенен Әзірбаев атындағы орта мектепте еңбек етіп, оқушыларға қолөнер негіздерін үйреткен. Зейнет демалысына шыққан соң оның екінші тынысы ашылғандай еді. Бұрын жасырынып жатқан армандары қылаң беріп, шығармашылыққа уақыт пайда болған. Қазір ол киізден бұйым жасаудың дәстүрлі технологиясын меңгеріп, көптеген байқауда қызу талқыланатын, қайталанбас коллекциялар жасайды.
    – Киіз басу өнері өмірімнің негізгі ісіне айналатынын ойлап та көрмеппін, – дейді шебер. – Осы жолда үлкен рөлді Қазақстан Қолөнершілер одағының төрағасы Айжан Бекқұлова атқарды, ол кісімен мектепте жүргенде таныстым. Айжан ханымның жетекшілігімен дәріс алдым, түрлі семинар мен шеберлік сабақтарына қатыстым, соның ішінде «Еуразия» қоры шеңберінде де оқыдым. Сосын білгенімді үйде іс жүзінде қолдана бастадым. Біртіндеп жүннен әйел киімдері, аксессуарлар, әшекейлер жасауды үйрендім, киімге асыл тастардың орнын басатын ерекше моншақтар мен гүлдер жасауды қолға алдым.
    2001 жылы Күлән Құсайынқызы «Балатай» қоғамдық бірлестігін құрады. Мақсаты – мектеп оқушыларын және ауылдағы жұмыссыз әйелдерді қолөнердің, соның ішінде киіз басудың негіздерімен таныстыру еді. Қарасаймен көршілес Жамбыл ауданынан киіз басу өнеріне қызығушылық танытқан жандарға шеберлік сабағын өткізеді. Мектеп пен колледждерде оқитын жастарды да ұлттық қолөнерге баулып жүр.
    Күлән апайдың бұйымдары сұлулығымен, даралығымен және тұрмысқа қажеттілігімен ерекшеленеді. Шығармашылық жұмыстарына көбінесе жергілікті меринос қой жүнін қолданады, бірақ соңғы жылдары оны басқа материалдармен үйлестіріп келеді.
    – Түрлі технологияны қолданамын, бірақ жүнмен жұмыс істеудің дәстүрлі әдістерінің бірі – дымқыл күйінде илеуге ерекше көңіл бөлемін, – дейді шебер. – Басында жұмысыма қымбат жүнді пайдаланатынмын, бірақ уақыт өткен сайын оны жібек, мақта және басқа маталармен үйлестіруді үйрендім. Осылай жасалған туындылар тек қана әдемі емес, жарқын, көркем және қолданысқа ыңғайлы болып шығады. Қолөнершінің айтуынша, жүннен жасалған бұйымдарға сұраныс өсіп келеді.
    – Текеметті жасау орта есеппен төрт-бес күнді алады, – дейді шебер. – Бұрын шикізатты қолмен жуып, бояп, тарайтынбыз, ал қазір қой жүнінің үстіне өсімдік талшықтарын да қосамыз. Өндірістік дайын шикізатты да сатып аламыз. Шығармашылық жұмыстың басты шарты – икемділік, сенімділік, жан жылуы. Өзің қандай оймен, қандай көңіл-күймен жұмыс істеп жатқаның маңызды. Өйткені бұйым сенің жан­дүниеңнің бір бөлшегін сіңіріп алады және өзгелерге әсер етеді. Қолданылатын қазақ орнаменттерінің ішінде ең кең тарағаны – «қошқар мүйіз». Бұл заңдастырылған ұлттық бренд, ол – өміршеңдікті, молшылықты, бақ-берекені білдіреді.
    «Балатай» бірлестігі ұлттық қолөнерді халықаралық деңгейге шығаруға атсалысып келеді. Айталық, Күлән Жанғұтты арнайы шақыру бойынша Ресейдің Иркутск қаласында өткен халықаралық сән байқауына өзінің жұмыстарымен қатысты. Тула қаласында өткен «Губернский стиль» конкурсында екінші орынды иеленді. Түркияның Анкара қаласында ТҮРКСОЙ-дың шақыруымен болған онкүндік халықаралық көрме-жәрмең­кеге барды. Оның туындылары Францияда, Түркияда, Иранда, Ресейде, Қытайда да қойылды. Шебердің айтуынша, тренингтерге, оқыту семинарларына қатысу көптеген пайдалы ақпарат алуға мүмкіндік берді.
    Кейіпкеріміз «Шебер – 2013» конкурсында жеңіске жетіп, «Алтын алма» сыйлығын алды. Орталық Азия қолөнершілері ассоциациясының мүшесі болып, «Ауылдағы азаматтық бастама» бағдарламасы аясында «Таным» ұлттық қоғамдық сыйлығына лайық деп танылды. Қазақ қолөнерінің дамуына сіңірген еңбегі үшін Мақтау қағаздары мен басқа да марапаттары жетерлік.
    Міне осылайша, шеберлігін үздіксіз жетілдіре келе, Күлән Жанғұтты ұлттық киім дизайны саласында әлемге танымал тұлға атанды. Ол сән бағыттарына көңіл бөледі, заман ағымымен бірге болуға тырысады. Бірақ ұлттық бояуды ұмытқан емес.
    – Мен республикалық, халықаралық байқаулар мен көрмелерге белсенді қатысып қана қоймай, мектеп оқушыларына, студенттерге, ауылдағы әйелдерге қолөнер шебері ретінде тәлімгерлік етуді жалғастырамын, – дейді Күлән апай. – Қолөнер өте қажет. Табиғи материалдардан, қол еңбегімен жасалған әдемі, дара бұйымдарға сұраныс қай уақытта да жоғары болады. Бұл дизайнерлерге шабыт береді. Менің ойымша, ұлттық қолөнерді, әсіресе ауылдық жерде дамыту керек. Бұл, біріншіден, ата-бабамыздың өнерін болашақ ұрпаққа беруге ықпал етсе, екіншіден, табыс табу, жұмыспен қамту, өз ісіңді бастауға мүмкіндігін ашады.
    Жылдар бойы қажырлы еңбек еткен Күлән Құсайынқызы қазақ халқының қолданбалы өнерін, ұлттық киім үлгісін жаңа белеске көтеру, оны халықаралық деңгейге шығаруды мақсат етіп алған. Осы жолда көптеген жетістікке жетті, бірақ алда әлі де атқарар істері жетерлік.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Шәкәрім Құдайбердіұлының ғылыми мұрасын талқылаған конференция өтті

    Шәкәрім Құдайбердіұлының ғылыми мұрасын талқылаған конференция өтті

    2 years ago
    2-6 жас аралығындағы балалардың 92.5 пайызы мектепке дейінгі білім берумен қамтылды

    2-6 жас аралығындағы балалардың 92.5 пайызы мектепке дейінгі білім берумен қамтылды

    10 months ago
    Абзал жандар ардақталды

    Абзал жандар ардақталды

    2 years ago
    Айбынды күшке айналды

    Айбынды күшке айналды

    2 years ago
    ТЖМ жүйесіндегі еріктілер мен волонтёрлердің рөлі

    ТЖМ жүйесіндегі еріктілер мен волонтёрлердің рөлі

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>