-13 °c
Qonaev
Monday, June 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда 563 медаль жеңіп алды

    25.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалар мен конкурстарда 563 медаль жеңіп алды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    “Биылғы жылдың қорытындысы бойынша 1816 оқушы 35 халықаралық олимпиада мен конкурстарға қатысып, 563 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 77 медаль – алтын, 201 медаль – күміс, 285 медаль – қола”, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

    Қазақстандық оқушылар Сингапур, Қытай, Грекия және АҚШ-та өткен робототехника бойынша халықаралық чемпионаттарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді, Балқан түбегінің ең үздік жас математиктер үштігіне енді. Сонымен қатар Қазақстанның құрама командалары әлемдегі ең беделді 7 халықаралық олимпиадаға (IMO, IPhO, IBO, IOL, IСhO, IGeO, IOI) қатысып, 26 медаль иеленді: 2 алтын, 12 күміс және 12 қола.

    Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша, 2022 жылдан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және олардың тәлімгер-педагогтеріне біржолғы сыйақы төленіп келеді.

    Химия пәні бойынша ең беделді Халықаралық олимпиадада (IChO) және робототехникадан «First Global Challenge» әлем чемпионатында қазақстандық оқушылар 190 елдің арасынан оза шауып, екі олимпиадада да үш мәрте әлем чемпионы атанды.

    Биыл 26 оқушыға жалпы көлемі 77,5 млн теңге, ал оларды дайындаған 24 мұғалімге 6,4 млн теңге сыйақы төленді. Алтын медаль иегерлері 1500 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), күміс медаль иегерлері 1000 АЕК, қола медаль иегерлері 500 АЕК мөлшерінде сыйақы алады.

    Алтын медаль мен I дәрежелі диплом иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық жалақының 26,5 еселенген мөлшері, күміс медаль мен II дәрежелі диплом иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық жалақының 17,5 еселенген мөлшері, қола медаль мен III дәрежелі диплом иегерін дайындаған педагогке – базалық лауазымдық жалақының 8,5 еселенген мөлшеріндей сыйақы төленеді.

    Ұсынымдар

    Заман деген заңғармен санасады немесе Шерағаның шекпені

    Заман деген заңғармен санасады немесе Шерағаның шекпені

    2 years ago
    Газдың әлеуметтік әділ құны белгіленеді

    Газдың әлеуметтік әділ құны белгіленеді

    2 years ago
    Жерұйық көрем десең, Кегенге кел!

    Жерұйық көрем десең, Кегенге кел!

    10 months ago
    “Мені ұлылардың рухы жебеп келеді”

    “Мені ұлылардың рухы жебеп келеді”

    2 years ago
    Халық саны 20 миллионға жетті

    Халық саны 20 миллионға жетті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>