☀️
6°C
Қонаев
Бейсенбі, Қазан 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қонаев қаласында сенбілік өтті

    11.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Қонаев қаласында сенбілік өтті
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Қонаев қаласында өткен күзгі сенбілікке мыңдаған тұрғын, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен оқушылар қатысты. Олармен бірге Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев те ағаш отырғызуға атсалысты. Бұл оның тек символдық қатысуы емес, өңір басшысы туранга деп аталатын сирек ағашты дұрыс отырғызу тәсілін көрсетіп берді. Себебі бұл ағаш түрі ерекше күтім мен белгілі ережелер сақталған жағдайда ғана жерсінеді.

    Әкімнің айтуынша, ең бастысы – ағаштың түбіне ауа кірмеуі және тамырдың сыртқа шығып қалмауы маңызды. Осындай техникалық ұсақ-түйектер ағаштың тағдырын шешеді: ол жерсіне ме, әлде қурап қала ма – осыған тікелей әсер етеді.

    Акция республикалық «Таза Қазақстан» науқаны аясында өтіп, күзгі көгалдандыру маусымының қорытындысы болды. Туранга көшеттері Еңбекшіқазақ ауданындағы питомниктен әкелінді. Онда селекционерлер құрғақ әрі құмды топыраққа бейімделген жіңішке жапырақты ағаш түрлерін өсіреді. Жалпы сенбілік барысында облыс орталығында және аймақтың өзге де елді мекендерінде жеті мыңнан астам ағаш – туранга, ясень, терек және қарағаш отырғызылды. Экологиялық шараға 68 мыңнан астам адам қатысты: еріктілер, жастар ұйымдары, кәсіпорын қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер.

    – Биыл біз көгалдандыру ісіне шығармашылық тұрғыдан қарадық, – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев. – Енді тек көшет отырғызумен шектелмей, қалалық ағаштардан тұқым жинауды бастадық. Мысалы, мыңнан астам қап қарағаш тұқымын жинап, оларды қаланың кіреберіс және шығаберіс жолдарына егіп жатырмыз. Бұл трассаларға сән беріп, елді мекеннің айналасында жасыл белдеу қалыптастырады. Сондай-ақ оқушыларды да табиғатты қорғау ісіне тартудамыз – ашық сабақтар аясында олар ағаш отырғызып, күтім жасайды. Бұдан бөлек, облыста қалалық көгалдандыруға жарамды бұта мен ірі ағаш түрлерін өсіруге арналған агроөнеркәсіптік аймақ құруды жоспарлап отырмыз. Қазір мамандар мен ғалымдар осы жобаны жүзеге асыру үшін ең қолайлы орынды таңдауда.

    Акция барысында жылы да көңілді атмосфера орнады. Оқушылар белсенді түрде күрек алып, үлкендер ақыл-кеңесін беріп, қарттар өз естеліктерімен бөлісті. 13 жастағы Райна Мандалиева алғаш рет ағаш отырғызып, бұл сәттің есінде ұзақ сақталатынын айтты:

    – Маған бұл жер өте ұнайды. Біз жақсы іс істеп жатырмыз – көп жыл бойы өсетін ағаштар отырғызудамыз. Алғаш рет ағаш отырғызуға қатысып отырмын, енді осы жерден өткен сайын достарыма көрсетемін: «Мына ағашты мен отырғыздым». Ол өсіп, қаламызды көркейтсе екен, – деді ол.

    Қонаев қаласындағы сенбілік әр буын өкілін бір мақсат – өңірді көгалдандыру және тазалық сақтау жолында біріктірген игі дәстүрге айналды. Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Лариса Котельникова мұндай бастамалардың маңызы зор екенін атап өтті:

    – Бүгінгі күн ерекше. Ағаш отырғызу – бұл қаламыздың болашағына апарар жол. Облыс орталығында соңғы жылдары көгал көптеп көбейді, бұл – ертеңгі күнге деген қамқорлықтың белгісі. Жылдар өтеді, ал бүгінгі жастар өз балаларына осы жерді көрсетіп, «біз осы ағашты отырғызғанбыз» дейді. Бұл аллея достық пен ұрпақтар сабақтастығының символына айналады, – деді ол.

    Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және абаттандыру басқармасының мәліметінше, күзгі сенбілік кезінде елді мекендер аумағындағы 1200 гектардан астам жер тазартылып, 800 тоннадан аса қоқыс шығарылған.

    – «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тұрғындар, жастар, еріктілер және мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен кең ауқымды сенбілік өткіздік, – деді облыстық ТКШ басқармасының басшысы Димаш Қожабеков. – Бір күннің ішінде жүздеген гектар жер тазартылып, мыңдаған ағаш отырғызылды. Бірақ біз үшін бұл бір реттік шара емес – мұндай сенбіліктер апта сайын өткізіледі. Себебі таза қала мен жасыл аймақ – бұл күнделікті еңбектің нәтижесі.

    Қонаев қаласындағы сенбілік өңірдің экологиялық тұрақты болашағына қарай тағы бір маңызды қадам болды. Сол күні күрек ұстаған әрбір адам өз туған өлкесінің келбетін жақсартуға үлес қосып, пайдалы іс атқарғанын сезінді. Себебі әр отырғызылған ағаш – ертеңгі күнге деген қамқорлықтың бір бөлшегі.

    Өз тілшіміз

    Ұсынымдар

    Жарқын жобалар жүзеге асады

    Жарқын жобалар жүзеге асады

    4 months ago
    Әдеби байқау жарияланды

    Әдеби байқау жарияланды

    2 years ago
    Коммуналдық сектор жаңғырады

    Коммуналдық сектор жаңғырады

    1 month ago
    Ұлтты ұйыстыратын ұлы күш

    Ұлтты ұйыстыратын ұлы күш

    5 months ago
    Қонаевта жаңа форматтағы фестиваль ұйымдастырылады

    Қонаевта жаңа форматтағы фестиваль ұйымдастырылады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>