⛅
-5°C
Қонаев
Сәрсенбі, Желтоқсан 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Республика күні – Тәуелсіздік пен Бірліктің нышаны

    Алатау қаласының әкімі Аркен Хамитұлының құттықтауы

    22.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Республика күні – Тәуелсіздік пен Бірліктің нышаны
    0
    SHARES
    33
    VIEWS

    Құрметті Алатау қаласының тұрғындары!

    Сіздерді елдік пен егемендіктің айшықты мерекесі – 25 қазан – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Бұл мерекенің мемлекетіміз үшін тарихи әрі рухани мәні ерекше.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлытау жерінде өткен Ұлттық құрылтайда:

    «Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Қазанның 25-ін жыл сайын еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз қажет» – деп, Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынған болатын.

    Президентіміздің бұл саяси шешімі – егемендіктің бастауы болған Декларацияның тарихи маңызын айқындай түсті. Бұл қадам халқымыздың тәуелсіздік жолындағы еңсесін биіктетіп, елдігіміздің тұғырын бекемдей түсті.

    Республика күні – тарихи тағылымы терең, идеологиялық мәні зор мереке. Бұл күн – ел тағдырына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың отаншылдық рухын оятып, сенім мен жауапкершілік сезімін арттырады.

    Тәуелсіздік жылдары еліміз талай белестерді бағындырып, жаңа даму кезеңіне қадам басты. Мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени өрлеуі әр өңірден көрініс табуда.

    Сол игі істердің бірі – Алматы облысында жаңа қала – Алатау қаласының құрылуы.

    Бұл бастама – еліміздің даму бағытын айқындайтын, өңірлердің әлеуетін арттыруға бағытталған тарихи шешім.

    Бүгінде Алатау қаласында тұрғындардың өмір сапасын арттыру, әлеуметтік нысандарды көбейту, жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Барлық бастамалар мен жобалардың түпкі мақсаты – халықтың әл-ауқатын жақсарту және жаңа қаланың болашағын жарқын ету.

    Құрметті жерлестер!

    Республика күні – өткенге тағзым етіп, болашаққа сеніммен қарауға шақыратын мереке.

    Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасылық амандық, еңбектеріңізге табыс пен береке тілеймін!

    Еліміздің еңсесі биік, мемлекетіміздің мерейі үстем болсын!

    Ізгі тілекпен,

    Аркен Хамитұлы,

    Алатау қаласының әкімі

    Ұсынымдар

    Жыр тиегін ағытты

    Жыр тиегін ағытты

    2 years ago
    Өмір беріп өзгеге

    Өмір беріп өзгеге

    3 months ago
    Маңызы зор форум

    Маңызы зор форум

    10 months ago
    Қонаевтағы форумда БАҚ пен өңір туризмін дамыту жайы талқыланды

    Қонаевтағы форумда БАҚ пен өңір туризмін дамыту жайы талқыланды

    2 years ago
    Жаңа міндет жүктелді

    Жаңа міндет жүктелді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>