-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Мереке

    1200 дарынды жеткіншек Президент шыршасын тамашалады

    24.12.2023
    in Мереке
    1200 дарынды жеткіншек Президент шыршасын тамашалады
    0
    SHARES
    69
    VIEWS

    Биыл Алматы облысының жеткіншектері үшін Президенттің жаңажылдық шыршасы тосын сыйға толы болды. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік циркі ғимаратында облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің қатысуымен өткен «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты балаларға арналған жаңа жылдық мерекелік шараға облыстың әр өңірінен 1200 дарынды бала қатысты.

    Сонымен қатар балалардың қуанышын бөлісуге ережесіз жекпе-жектен ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, аралас жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы және әлем кубогының иегері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров, кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Жанқош Тұраров және Есік қаласындағы А. Мәлкеев атындағы “Білім-инновация” лицейінің 10-сынып оқушысы, халықаралық, республикалық білім сайыстарының жеңімпазы Халел Мүслім арнайы қатысты.

    Балдырғандарды мерекемен құттықтаған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев:
    – Қайырлы күн құрметті балалар, кішкентай достар! Сендерді келе жатқан жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын. Бұл ерекше сәтті жыл сайын күтеміз. Жаңа жыл жаңа өзгерістер мен жақсылық алып келеді деп сенеміз. Бүгін, міне, ел Президентінің жаңажылдық шыршасына ең жақсы оқитын балалар қатысып отыр. Облыс жеткіншектерінің алаңсыз білім алуы үшін барынша жағдай жасауға тырысып жатырмыз. Болашақта Қазақстанның дамуына өздерің үлкен үлес қосады деген үміттеміз, – дей келе, Қазақстан Республикасы Президенті атынан 200 балаға 100 мың теңгеден ақшалай сертификат пен сыйлықтар табыс етті.
    Аяз ата, Ақша қар, ертегі кейіпкерлерімен жарқыраған жасыл шыршаны айнала ән айтып, ерекше әсерге бөленген балдырғандар қуанышында шек болмады. Балалар шырша тойынан соң цирк қойылымын тамашалап, шат-шадыман күйде тарқасты.

    Мерекелік шырша жаңа жылдың символы ретінде 12 метрлік Алтын айдаһардың шығуымен аяқталды.

    Жаңа жылдық шыршадан соң өңір басшысы Облыстық қиын өмір жағдайындағы қалған балаларды қолдау орталығына барды.

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевті балалар үйінің директоры Р.Бекишова және мектепке дейінгі топ бүлдіршіндерімен бірге қарсы алды.

    Өңір басшысы Марат Елеусізұлы балаларды Жаңа жылмен құттықтап, Балалар үйіне сыйға автобус кілтін (Yutong ZK6745DX, 25 орындық) табыстады, қосымша ойыншықтар, тәттілер салынған дорбашаларды сыйлап, қуантты.

    Алма Есенбай

    Ұсынымдар

    Заң бұзған жазасыз қалмайды

    Заң бұзған жазасыз қалмайды

    6 months ago
    Мобилографияның мүмкіндігі мол

    Мобилографияның мүмкіндігі мол

    11 months ago
    Қазақстан халқының 3/2-і отбасын құрған

    Алматы облысында 6 мыңнан астам неке тіркелді

    1 year ago
    Орны бөлек онкүндік

    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАР САЯСАТЫ: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ, ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

    3 months ago
    Премьер-министр: Алматы мен Атырау облыстарында негізгі макроэкономикалық өсім төмен

    Алматы облысында 29 мың жаңа жұмыс орны құрылды

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.