⛅
-1°C
Қонаев
Жексенбі, Ақпан 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Толағайлар тартысы

    18.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Толағайлар тартысы
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан облыстық чемпионат өтті. Аталған жарысқа аймақтағы төрт аудан мен Алматы қаласынан 50-ден астам спортшы қатысты. Турнирдің мақсаты – жасөспірімдер спортын дамыту, талантты ауыр атлеттерді анықтау және салауатты өмір салтын насихаттау.

    Алматыда өткен сайыста 17 жасқа дейінгі зілтеміршілер бақ сынады. Ауыр атлетикадан облыстың аға жаттық­тырушысы Жасұлан Қыдырбаевтың айтуынша, мұндай жарыстар жас спортшылардың мол тәжірибе жинап, жетістіктерге жетуіне мүмкіндік береді.
    «Жарыс жоғары деңгейде ұйымдас­­тырылды. Қатысушылардың шеберлігі көңілімізден шықты. Спортшылардың тыңғылықты дайындалуына барынша жағдай жасау қажет. Сонда ғана үздік нәтижеге қол жеткіземіз. Байрақты бәсекелерде ел намысын қорғайтын ерлер көп болсын!» – деді ол.
    Чемпионат қорытындысы бойынша, үздік спортшылар Алматы облысы құрамасына іріктеліп, осы айдың соңында Талдықорғанда өтетін Қазақстан чемпионатына қатысады.
    – Бұл чемпионат оңай болған жоқ, бірақ мен бар күш-жігерімді салып, жеңіс тұғырына көтерілдім. Ендігі мақсат – ел біріншілігінде сәтті өнер көрсету, – дейді 50 келі салмақ дәрежесінде «Шаңырақ» спорт клубының намысын қорғаған Сәулебай Ералы.
    Облыстық чемпионатта «Шаңырақ» спорт клубынан Серғазы Медет және Төрехан Ағаділ, «Жігер» спорт мектебінен Қази Қайсар, Еркебұлан Кенжеғали, Мұқағали Кенжеғали және Александр Луканенко, республикалық спорт колледжінің атлеттері Нұрғали Қайнар, Мұрат Еран, Қонысбек Ерлан, Ділдәбек Бекасыл, Талғар ауданынан Көкбай Бекарыс өз салмақ дәрежесінде үздіктер қатарынан көрінді.

    Өз тілшіміз

    Ұсынымдар

    Татулық табыс еселейді

    Татулық табыс еселейді

    1 year ago
    Алматы облыстық Халықтық штаб Қонаев қалалық аурухананың ұжымымен кездесті

    Алматы облыстық Халықтық штаб Қонаев қалалық аурухананың ұжымымен кездесті

    1 year ago
    Тәрбие – тал бесіктен

    Тәрбие – тал бесіктен

    2 years ago
    Алғашқы жеке куәлікті қалай алуға болады?

    Алғашқы жеке куәлікті қалай алуға болады?

    2 years ago
    Көрнекі тұлғаларға орнатылатын ескерткіштер жобасына байқау жарияланды

    Көрнекі тұлғаларға орнатылатын ескерткіштер жобасына байқау жарияланды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>