-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Татулық табыс еселейді

    07.09.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Қоғам
    Татулық табыс еселейді
    0
    SHARES
    22
    VIEWS

          Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұйғыр ауда­нына арнайы сапармен ке­ліп, тұрғындармен кездесу өткізді. Шараға ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев келді. Аймақ басшысы ең алдымен аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағ­дайға байланысты жедел штаб отырысына қатысты.

    Облыстық денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы ауданда Сібір жарасы ауруын жұқтырған азаматтардың қал-ахуалы туралы баяндады. Науқастардың алып жатқан емдері, сонымен қатар ауру ошақтарымен байланыста болған адамдардың денсаулығы бақылауда екенін мәлімдеді. Ал облыстық ветеринария басқармасының басшысы атқарған жұмыстарын баяндады. Ауру ошағын табу үшін барлық мамандар жұмыла іске кіріскенін, ауылдағы малдың жаппай дәріленіп жатқанын жеткізді. Полиция басқармасы мамандары да малды тасымалдауға шектеу қойылғандығын, блокпостар тәулік бойы жұмыс істеп тұрғанынан хабардар етті. Ұйғыр ауданының әкімі Бота Серікқызы да аудандағы штаб жұмысымен таныстырып, жағдай күнделікті бақылауда екенін айтты. Марат Елеусізұлы жиын соңында әрбір мекемеге нақты жұмыстар жүктеп, ауру ошағын тауып, залалсыздандыруды тездетуді тапсырды.
    Мұнан соң облыс басшысы аудан­дық Мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өткізді. Мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері мен аудан тұрғындары жиналған жүздесуде Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Мәди Такиев те болды.
    Жиынды облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев жүргізіп, алғашқы сөзді Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізоваға берді. Бота Серікқызы есепті кезеңде ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші туралы баяндады. Өнеркәсіп өнімдерін өңдеу, ауданға тартылған инвестиция көлемі, аграрлық сектордағы нақты көлем индексі, ирригациялық желілер, жерді тиімді пайдалану мақсатындағы жұмыстар, мал шаруашылығы сынды ауданның басты бағыттарымен таныстырып, ондағы орындалған бірқатар шаруаны тілге тиек етті. Денсаулық, білім, құқық қорғау саласындағы жұмыстар да жіпке тізілді. Сонымен қатар аудан әкімі өңірде шешімін таппай отырған мәселелерді де ортаға салды.
    Бүгінгі күнде аудан бойынша барлығы 14 ветеринарлық пункттің тек Шонжы ауылдық округінің ветеринарлық пункті өз ғимаратында, қалған 13 елдімекенде жеке ғимарат жоқ. Ветеринарлық пункт құрылысы үшін 8 ауылдық округте жер телімдері бөлінген. Осыған орай, адамдар мен жануарлар арасында аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралмауына және облыс аумағында эпизоотия­лық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында округтегі ветеринария мамандарына қызметтік ғимараттар салып беруге ықпал етуін сұрады.
    Қарадала – туризмнің тұма бұ­лағындай жер. Мұнда әлемнің екі ғана мемлекетінде кездесетін шатқал бар, жер астынан табиғаттың байлығы саналатын шипалы ыстық су толассыз шығып жатыр. Бірақ осы аумаққа туристер тартуда жол мәселесі ұятты болып тұрғанын жасырмады. Мәселен, Шарын шатқалына кіреберіс жолды күрделі жөндеуге 3 млрд 871 млн теңгеге жоба әзірленді, бұл жол ауданға келетін туристер санының көбеюі мен туризм саласының әлеуетін одан әрі дамытуға мүмкіндік берері сөзсіз. Бірақ жол құрылысы қаржыға байланысты қолбайлау болып тұрғанын айтты. Сонымен қатар арасан учаскесіндегі демалыс орындарында күнделікті бақылау жасайтын медициналық қызметкерлер мен туристік полицияның қарас­тырылмауы және электр қуатына қа­тысты мәселелер туризмнің дамуына кедергі келтіруде. Сондай-ақ аудан әкімі Шонжы ауылының сумен қамту желілерін күрделі жөндеу, Қырғызсай ауылына су объектісін салу және қайта жөндеу жұмыстары, Тасқарасу ауылының коллекторлық-дренаждық желісінің құрылысы сынды өзекті проблемаларды қаузады. Осы жұмыстарға бюджеттен қаржы бөлінсе, халық игілін көрер еді.

    Шонжы ауылындағы тұрғындар сұра­нысына сәйкес, 30 көп­қабатты үйге газ тарту үшін 6 блокты-модульды қазандықтарды орнату әлі күнге шешімін таппады. Бұл – әрбір кездесуде көтерілетін мәселе. Білім, денсаулық саласындағы кедергілер де сөз болды. Осылайша Бота Серікқызы аудан тұрғындарының көкейінде жүрген көп сауалды облыс басшысына жолдады. Бұл жұмыстың бәрі аудан тұрғындарының жайлы өмір сүруі үшін екендігін де екшеп айтты.
    Мінбеге көтерілген аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиев Алматы облысы қаңтар-шілде айларында әлеуметтік және экономикалық тұрғыда алға қойылған межелерді орындап, күтілген нәти­желерден артық көрсеткіштерге қол жеткізгенін айтып, аудан тұрғында­рын атқарылған жұмыстармен және алдағы міндеттермен таныстырды. Әр сала бойынша жеке-жеке тоқталып, облыс­тың жоғары көрсеткішке жетуіне Ұйғыр ауданының үлесі зор еке­нін айтты. Мәселен, өрік, алмұрт өсіруде облыс бойынша Қарадаланың еңбекқор халқы бірінші орында тұр. Сондай-ақ ет өнімдерін өндіруде де алдыңғы қатарда.
    Үш ауысымды мектептер санын азайту бағытында Ұйғыр ауданындағы №3 орта мектепке 1,4 млрд теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Облыс көлемінде жер сілкінісі салдарынан 7,5 мың бала оқитын 8 мектеп зардап шеккен. Бұл мәселе қомақты ақша талап ететін болғандықтан, Премьер-Министрдің атына Үкімет резерві немесе арнайы мемлекеттік қоры есебінен қаржыландыру бойынша сұраныс хат дайындалған. Марат Сұлтанғазиев осы мәселе бойынша Қаржы министрі Мәди Төкешұлынан қолдау көрсетуін сұрады.
    Облыс әкімінің баяндамасынан кейін Қаржы министрі Мәди Такиев сөз алып, Үкіметте болып жатқан оң өзгерістер мен алдағы жоспарлар жайында қысқаша ақпар берді. Мұнан соң тұрғындар тарапынан облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Қаржы министрі Мәди Такиевке бірқатар сауалдар жолданды. Атап айтар болсақ, Сүмбе ауылындағы аурухананың жабылуы, әрбір ауылдағы қаңырап бос тұрған, пайдалануға жарамсыз Мәде­ниет үйлері, бірнеше жылдан бері құры­лысы тоқтап, халықтың наразылығын тудырып отырған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жағдайы, көп­қабатты үйлерді көгілдір отынға қосу­дағы кедергілер, интернет мәселесі, өрт сөндіру орталығы ғимаратының ескіргендігі туралы мәселелер көтерілді. Өңір басшысы әр сауал бойынша нақты жауап берді. Тиісті басқармаларға тапсырмалар жүктеді. Дәл осы айтылған проблемалардың шешілу жолы қарастырылып, тұрғындарға нақты жауап берілуі қажеттігін ескертті.
    Жиын аяқталған соң облыс әкімі Марат Елеусізұлы аудан орталығы Шонжы ауылында орналасқан «Ұйғыр ауданының су құбыры» ШЖҚ МКК-ға бас сұқты. 1967 жылы салынған ғимарат бүгінде тозығы жеткен. Аудандағы 25 елдімекеннің 23-іне қызмет көрсететін, 100-ден астам адамды жұмыспен қамтып отырған мекеменің жұмысымен танысты. Сонымен қатар жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан Илья Молутов атындағы №3 орта мектепке барды. 1975 жылы салынған білім шаңырағы 420 балаға арналған. Облыс басшысы мердігерлермен жүз­десіп, нысанның дер кезінде сапалы табысталуын тапсырды.
    Марат Елеусізұлы бастаған басшылық «Азаматтық авиация академиясы» АҚ Халық­аралық әуе мамандарын дайындау орталы­ғының жобасын көрді. Шарын ауылында орналасқан «ВИН» шаруа қожалығындағы ауыл шаруашылығы көрмесіне қатысты. Қожалық директоры Радик Мамташуровтың еселі еңбегінің нәтижесін көрді. Жылына жүздеген ірі қара мал мен жылқыны, мыңдаған қойды бордақылап, сатылымға шығарады. Адал еңбекпен толағай табысқа жеткен қожалық жұмысының жоспары көп. Марат Елеусізұлы 2002 жылдан бері жұмыс істеп, аудан экономикасын дамытуға үлес қосып отырған «Вин» қожалығының жұмысын жоғары бағалады.
    Қарадаланың еңбекқор жұрт­шы­лығымен кездесу сәтті өтті. Облыс басшысы аудан тұр­ғындарының өтініш-пікірлерін тыңдап, бірлік пен татулық болса, табыс еселене беретінін жеткізді.

    Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Тоқаев: Алаш арыстарының күресі ақталып, тарихи әділдік орнаған күн

    Тоқаев: Алаш арыстарының күресі ақталып, тарихи әділдік орнаған күн

    2 years ago
    Атом энергетикасы – ғылымды қажет ететін сала

    Атом энергетикасы – ғылымды қажет ететін сала

    9 months ago
    Көне ғасыр күмбірі

    Көне ғасыр күмбірі

    2 years ago
    Болашақ үшін таңдау жасадым

    Болашақ үшін таңдау жасадым

    9 months ago
    Егемендіктің бастауы

    Егемендіктің бастауы

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>