[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қаңтар 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Третьяков галереясында «Қазақстан өнерінің жауһарлары» көрмесі ашылды

    11.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Третьяков галереясында «Қазақстан өнерінің жауһарлары» көрмесі ашылды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Мәскеудің Третьяков галереясында Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі әзірлеген «Қазақстан өнерінің жауһарлары» атты көрме ашылды. Іс-шара Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының мәдени күндері аясында өтіп жатыр. Салтанатты рәсімге ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған қазақстандық делегация қатысты.

    «Ресейдегі Қазақстанның мәдени күндері – екі ел арасындағы ынтымақтастықтың маңызды кезеңі, үздіксіз дипломатиялық диалогтың жемісі. Бұл ауқымды жоба Мәскеудің жетекші мәдениет алаңдарын қамтып, Қазақстанның заманауи мәдени жетістіктерінің кең палитрасын – театр мен музыкадан бастап, кино және бейнелеу өнеріне дейін ұсынады. Кейінгі 34 жылда Мәскеуде қазақ суретшілерінің көрмесі алғаш рет өтіп отыр. Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің картиналары «Крымский вал» галереясында ең соңғы рет 1991 жылдың тамызында қойылған еді. Сондықтан бүгінгі экспозицияны біз Қазақстан мен Ресей арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудағы жарқын оқиға әрі жаңа белес деп бағалаймыз», – деді Аида Балаева.

    Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің «Қазақстан өнерінің жауһарлары» көрмесі XX ғасырдағы талантты шеберлердің 60-тан астам кескіндеме және мүсін туындыларын қамтиды.

    Ұлттық бейнелеу өнері мектебінің қалыптасуы Әбілхан Қастеевтің есімімен тығыз байланысты. Оның туындылары өткен ғасырдың басында көшпенділер өміріндегі қарқынды өзгерістерін бейнелейтін көркем шежіреге айналды.

    Көрме 23 қарашаға дейін жалғасады. Көрмеге келушілер белгілі қазақстандық мүсіншілер Төлеген Досмағамбетов, Еркін Мергенов, Ольга Прокопьева және Ескен Сергебаевтың еңбектерімен таныса алады. Бұл туындылар қазақ мүсін өнерінің тұтас бір буынының шығармашылық ізденістері мен көркемдік ұстанымдарын айқын көрсетеді.

    10-13 қазан аралығында қазақстандық және шетелдік көрерменінің көңілінен шыққан «Время патриотов», «Тоқта, түн!», «Дос-Мұқасан», «1941 жылдың жазы», «90+1» фильмдері мен «Алтын адам» мультфильмін көре алады.

    Барлық фильм қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.

    Ресейлік көрермен үшін 13 қазан күні Кіші театр сахнасында «Парасат майданы» спектаклі қойылады. Қойылым – заманауи адамның рухани ізденістері мен ішкі әлемін суреттейтін психологиялық драма. Қазақ әдебиетінің классигі Төлен Әбдік шығармалары негізінде сахналанған. Спектакльді Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық-драма театрының актерлері сахналайды.

    Ресейдегі Қазақстанның мәдени күндері қараша айында қазақстандық өнерпаздардың гала-концертімен қорытындыланады.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Ұсынымдар

    Ел ертеңі – жастар

    Ел ертеңі – жастар

    1 year ago
    Қонаевта ҰОС ардагеріне 5 млн теңге әлеуметтік көмек көрсетілді

    Қонаевта ҰОС ардагеріне 5 млн теңге әлеуметтік көмек көрсетілді

    9 months ago
    Ғылымға көңіл бөлсеңіз…

    Ғылымға көңіл бөлсеңіз…

    2 months ago
    Жаңбырлы күн

    Жаңбырлы күн

    2 years ago
    Назардан тыс қалмайды

    Назардан тыс қалмайды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>