-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ел ертеңі – жастар

    28.11.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Ел ертеңі – жастар
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Студенттік кезең – адам өміріндегі ең бір әдемі шақ. Ал соның ішінде жоғары оқу орнының табалдырығын аттап, студенттік қатарға қабылдану  рәсімі – әрбір жасқа қуаныш сыйлайтын мереке. Жалағаш ауылындағы «Көлсай» кәсіптік-техникалық колледжінің 1-курс студенттері осындай ұмытылмас сәттің куәгері болды.

    Халықаралық студенттер күні мерекесіне орай Жалағаш ауылдық Мәдениет үйі мен кәсіптік-техникалық колледжі бірлесе ұйымдастырған мерекелік шара колледж қабырғасында өтті.
    Мерекені өткізудегі мақсат – Студент­тер күнін жоғары деңгейде атап өту, білім­герлердің шығармашылық ізденісін арттыру және дарынды жастарға қолдау көрсету.
    Шарада «Көлсай» кәсіптік-техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ерлан Әділов студенттерді мерекемен құттықтады.
    – Адам өмірінде қызықты сәттерге толы шақ – балалықпен басталып, есеюмен аяқталатын оқушылық кезең. Ал одан кейінгі есте қаларлық кезең – үлкен өмірге қадам басып, тұлға ретінде қалыптаса бастайтын, білім мен арман қуып, болашаққа негіз қалайтын студенттік шақ. Жастың бойында жанып тұрған жалын, күш-жігер, қайрат, сұлулық, мүмкіндіктің бәрі бар. Ізденіс, талпынысқа толы кезеңде жастар қайталанбас сәттерді бастан кешеді. Достық қарым-қатынастың да шарықтайтын шағы бұл. Жастық деген сөздің өзі адалдық, тазалық деген ұғыммен пара-пар. Бір сөзбен айтқанда, студенттік өмір қызықты сәттерге толы. Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті студенттер! – дей келе, 1-курс білімгерлерін үлкен өмірге қадам жасауларымен шын жүректен құттықтап, кәсіп иесі атануды мақсат еткен жастарға студенттік билет табыстады.
    Мереке барысында Алматы қала­лық «NOMAD» бокс клубының ұйым­-
    дас­тыруы­мен жасөспірімдер арасында өткен бокстан республикалық ашық турнирде 57 кг салмақ дәрежесінде бірінші және үшінші орын алған аталмыш колледждің 1-курс студенттері Абзал Жексенбай­ұлы, Санжар Тайыров арнайы кубок, медальдармен марапатталса, қоғамдық жұмысқа белсене атсалысқан басқа да білімгерлер Алғыс хат  иеленді. Білімді де дарынды студенттер өз өнерлерін ортаға салып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
    Шара соңы ауылдық Мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты. Кеште Сәния Қонақбаева, Ботакөз Жолшиева, Гүлбақыт Баймұханбетова, Нұрахмет Айтолқын сынды өнерпаздар ән айтып, күй шертіп, ортаны думанға бөледі.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Биылғы Наурыз мейрамының ерекшеліктері

    Биыл Наурыз мерекесі қалай аталып өтеді?

    1 year ago
    Дауыс беруге алғашқылар болып үлкендер келді

    Дауыс беруге алғашқылар болып үлкендер келді

    2 years ago
    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ!

    Тіл мүддесі – ел мүддесі

    5 months ago
    Қазақстан халқының 3/2-і отбасын құрған

    Қазақстан халқының 3/2-і отбасын құрған

    1 year ago
    Прокуратура: Өндіруші биологиялық белсенді қоспа туралы жалған жарнама жасаған

    Прокуратура: Өндіруші биологиялық белсенді қоспа туралы жалған жарнама жасаған

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>