⛅
2°C
Қонаев
Дүйсенбі, Ақпан 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жауапкершілік жүктеген атау

    25.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Жауапкершілік  жүктеген атау
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Бұдан 35 жыл бұрын 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі «Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады. Еліміздің азаттыққа ұмтылған алғашқы қадамы әрі тәуелсіз мемлекеттің іргетасы іспетті болған осы тарихи құжаттың арқасында егеменді Қазақстан жеке мемлекет ретінде таныла түсіп, кеңестік нормалар тоқтатылып, жаңа заңдар қабылдана бастады. 1991 жылы 16 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң – соның айғағы.

    Тәуелсіздікпен бірге бұрынғы бірпартиялық жүйе келмеске кетіп, сан алуан саяси партия саясат сахнасына шықты. Қазақстанда көппартиялық жүйе қалыптасуы қо­ғамның демократиялануына өз септі­гін тигізіп, заң шығару процесінде ықпалын арттырды. Бүгінде заңды түрде тіркелген 7 саяси партия еліміздің тұрақты дамуына, өзекті мәселелердің шешілуіне үлес қосып келеді.
    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті болып сайланғаннан кейін елде ауқымды саяси реформалар жүзеге асырыла бастады. «Сайлау туралы» Конституциялық заңға және «Саяси партиялар туралы» Заңға түзетулер енгізілді. Осы өзгерістерден кейін құрылып, 2023 жылғы сайлауда Парламент Мәжілісінің мандатын иеленген жаңа партияның бірі – «Respublica» партиясы.
    Бұрын мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталған Республика күні ұлттық мереке ретінде қайта оралған тұста саяси партия құру туралы құрылтай съезін өткізген «Respublica» партиясы ел ішінде жиі аталып, қоғам назарында болады. Өйткені бұл атау – терең мән мен жауапкершілік жүгін арқалаған ұғым.
    – «Respublica» атауын иелену – партия үшін үлкен жауапкершілік. Өйткені Республика күні мерекесі – елдің мемлекеттік негіздерін, тәуелсіздігін және демократиялық құндылықтарын еске салатын маңызды күн. Партияның әрбір мүшесі оның саяси құрылым­ның атауы ғана емес, ел тағдырына ортақ жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды білдіретінін жақсы сезінеді. «Respublica» – латын тілінен аударғанда «ортақ іс» деген мағына береді. Бұл – партияның идеологиялық негізі мен миссиясын айқын көрсетеді. Партия осы жауапкершілік жүгін арқалай отырып, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, әділетті әрі тиімді басқару жүйесін қалыптастыруға және халықтың ел өміріне белсенді қатысуына жағдай жасауға бар күшін салады, – деді партияның облыстық филиалының төрағасы Ержан Дүйсекенов.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Бапкер даңқын асырды

    Бапкер даңқын асырды

    4 days ago
    ЖРВИ таралуы бақылауда – Үкімет

    ЖРВИ таралуы бақылауда – Үкімет

    2 years ago
    Дәстүрім – дидарым

    Дәстүрім – дидарым

    4 months ago
    АЭС салу бойынша қоғамдық тыңдау кейінге ысырылды

    Пікір білдіргім келеді…

    2 years ago
    Жас мамандар қанат қақты

    Жас мамандар қанат қақты

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>