[um_weather city="Қонаев"]
Сәрсенбі, Қазан 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Желаяқтар жарысы

    07.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Желаяқтар жарысы
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Кегенде өткен марафон тұрғындарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып қана қоймай, қоғамдағы бірлік пен ынтымақтың айқын көрінісіне айналды. «Жастар кеңістігі» ұйымы мен Кеген ауданының әкімдігі ұйымдастырған спорттық шараға тұрғындар белсене қатысты.

    Жарыс Кегендегі орталық алаңнан басталып, ауылдың кіреберіс қақпасына дейін созылды. Аудан басшысы Нұрбақыт Теңізбаев қатысушыларға сәттілік тіледі. Марафонға 65 жастағы Жаңылхан апамыз да қатысып, спортқа деген ерекше ынтасы мен қайсарлығын көрсетті.
    «Жастардың әр бастаған ісіне дем беріп, жанашыр болып жүрген аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлына, сондай-ақ бізге жан-жақты қолдау көрсеткен Кеген ауылының әкімі Ернат Ысқаққа алғыс білдіремін», – деген «Жастар кеңістігі» ұйымының жетекшісі Аслан Мейірғалиұлы алдағы уақытта да мұндай спорттық шаралар жалғаса беретінін жеткізді.
    Жарыс нәтижесі бойынша 5 шақырымдық жарыста қыздар арасында ІІІ орынды Лашын Ринатқызы, ІІ орынды Назым Сәрсенбиева иеленсе, Роза Құрманбаева жүлделі І орын алып, марафон жеңімпазы атанды. Ерлер арасында 10 шақырымдық қашықтыққа жүгіруден ІІІ орынды Нұржігіт Тілеубай, ІІ орынды Елікбай Әділет және жүлделі І орынды ауданның желаяғы Айбар Бақытұлы еншіледі. Ал 35 жастан асқан ерлер бақ сынаған 5 шақырымдық сайыста ІІІ орынды Жотабай Мақсат, ІІ орынды Олжас Сәлімханов иеленсе, Мақсат Базарымбетов І орынға шықты. Жеңімпаздар арнайы диплом, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Белсенділік танытқан барлық қатысушыға «Жастар кеңістігі» атынан марафон медалі табысталды.
    Аталған спорттық шара аудан жастары­ның бірлігін, спортқа деген қызығушылығын арттырғаны анық. Марафон барысында мектеп оқушылары волонтерлік қызмет атқарды. Жастарды қоғамдық ортаға тарта отырып, болашақ ауыл жанашырларын тәрбиелеуде осындай игі шаралардың атқаратын рөлі зор.
    Бұл күні қосымша ойындар мен концерттік бағдарламалар да ұйымдас­тырылып, тұрғындар мерекелік көңіл-күйге бөленді.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Ақын рухына тағзым етті

    Ақын рухына тағзым етті

    2 years ago
    Бір мақсат, бір мүдде

    Бір мақсат, бір мүдде

    6 months ago
    БІР ҒИМАРАТТА – ЕКІ КОМИССИЯ

    БІР ҒИМАРАТТА – ЕКІ КОМИССИЯ

    1 year ago
    Әкім: Жерді пайдалануда салық салудың жаңа режимін енгізу қажет

    Әкім: Жерді пайдалануда салық салудың жаңа режимін енгізу қажет

    3 years ago
    Көлік-логистика саласын цифрландыру бойынша ведомствоаралық жобалық топ құрылды

    Көлік-логистика саласын цифрландыру бойынша ведомствоаралық жобалық топ құрылды

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>