⛅
9°C
Қонаев
Сенбі, Қараша 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жұмыс – жүйелі, бағдар – айқын

    31.10.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жұмыс – жүйелі,  бағдар – айқын
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Балқаш ауданы тұрғын­дарымен кезекті кез­десуін өткізді. Жиынға мәс­лихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері, құқық қорғау және жергілікті атқарушы орган басшылары, аудан тұрғындары қатысты. Онда халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударылып, шешу жолдары айқындалды.

    Алдымен Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов өткен кезеңде атқарыл­ған және алдағы уақытқа жоспар­ланған жұмыс туралы баяндады. Айтуынша, аудан бюджетіндегі жалпы кіріс осы жылдың қазан айына дейін 9 млрд 358,2 млн теңге болады деп болжанған, нақты түскені – 8 млрд 551,3 млн теңге. Яғни орындалу деңгейі – 91,4 пайыз. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша болжам 7 млрд 652,0 млн теңге болса, нақты түсім 6 млрд 676,4 млн теңгеге жеткен. Ал жергілікті бюджет түсімдері 1 млрд 874,9 млн теңгені құрап, орындалу көрсеткіші 109,9 пайызды көрсеткен. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша осы жылдың 9 айында ішкі жалпы өнім көлемі 21 млрд 771,8 млн теңгеге жеткен. Нақты көлем индексі – 99,5%. Егін шаруашылығы бойынша 27 163,4 га жерге дәнді-дақылдар, мал азығы мен бақша өнімдері егілген. Шөп ору науқаны кезінде барлығы 169 мың тонна жоңышқа, арпа-бидай ору науқанында 5318,0 га алқаптан 9572,4 тонна өнім жиналған. Орташа өнімділік – әр гектарына 18,0 центнер. Бүгінге 7 280,1 гектар күріш алқабы шабылып, 6 972,3 гектардан жиналған дән бастырылған. Барлығы 30 050,1 тонна өнім алынып, орташа өнімділік әр гектарға 43,1 центнерден айналған. Көктемгі және күзгі дала жұмыстарына 552 тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, шаруа қожалықтарына берілген.
    – Биыл құрылыс жұмысына 9 айда 6 млрд 448,3 млн теңге жұмсалды. Тұрғын үйлердің жалпы аумағы – 5 225,0 шаршы метр. Аудан бойынша 20 елдімекенде орталықтандырылған ауызсу құбыры тұрақты жұмыс істейді. Ауызсу жүйесін қайта жаңғырту және күрделі жөндеу жұмысы 4 ауылда жүргізілуде. Қараша айында аяқталып, пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда Бақбақты, Бақанас, Ақдала, Ақжар, Қарой, Балатопар, Жиделі ауылдарының ауызсу жүйесін қайта жаңғырту және салу жұмысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда. Ол үшін 52 млн теңге қаржы қарастырылған.
    Ауданда газ желісіне 1 551 үй қосылған. Бүгінгі таңда Үшжарма ауылының жобасы сараптамадан өтті. Жоба құны – 689,6 млн теңге. Ал Ақкөл, Бура ауылдарына газ желісін тарту үшін жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, сараптамадан өткізілуде.
    Құқықбұзушылық бойынша өңірде соңғы 9 айда 95 қылмыс тіркелді. Төменгі Іле балық инспекциясы бөлімі қызметкерлерімен браконерлікпен күресу шаралары аясында 85 хаттама толтырылды. Оның ішінде 5 қылмыстық іс қозғалып, 8 хаттама сот органдарына жолданса, 72 хаттама бойынша әкімшілік іс қозғалды, – деді Азат Үкітайұлы.
    Әрі қарай облыс әкімі Марат Елеусізұлы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жайлы сөз қозғады. «Балқаш ауданы халық саны аз болса да, жер аумағы бойынша облыстың 30 пайызын құрайды. Тұрғындар ауыл шаруашылығымен айналысатын болғандықтан мұны одан әрі дамытып, өнімді арттыруды көздеп отырмыз. Алдағы уақытта қант зауытын салуды жоспарлау үстіндеміз», – деді ол.
    Кездесу барысында аудан тұрғындары өздерін мазалаған мәселелер бойынша сауалдарын қойды. Маңызды сұрақтың бірі «Топар – Қаншеңгел» бағытындағы жол мәселесіне қатысты болды. 70 шақырым жолдың Жамбыл ауданына қарасты бөлігі ғана жасалып, қалған бөлігі жөнделмегендіктен жол қатынасына қиындық туғызып жатқан көрінеді. Жауапты мамандар келесі жылы жолдың жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, сараптамаға жіберілетінін айтты. Балатопар ауылының тұрғындары ондағы дәрігерлік-амбулатория ескіргенін, жаңа ғимарат салынса деген өтініштерін жеткізді. Мамандар бұл құрылыс жұмысы келесі жылға жоспарланғанын алға тартты. Аудан халқы ауылдарда мал ұрлығы өршіп тұрғанын айтып, қылмыстың алдын алу мақсатында бақылау бекеттері қойылса деген ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ жол сапасының нашарлығына, жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметіне, аң аулауға байланысты мәселелер қозғалды. Қонаев пен Алматыға қарай автобус жүргізілсе, Ақдала ауылында спорт кешені салынса деген ұсыныстар да айтылды.


    Облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша да қабылдады. Онда тұрғын үй, жұмысқа орналасу, көпбалалы аналарды әлеуметтік қолдау, оқушыларды тасымалдайтын автобус мәселесі бойынша сауалдар қойылып, шешу жолдары қарастырылды.
    Кездесу аяқталғаннан кейін облыс әкімі Балқаш ауданындағы шаруа қожалықтары, мал бордақылау алаңы, тұрғын үй, жол, мектеп құрылысымен танысты. Алдымен Ақдала ауылындағы «Бауыржан 7» ЖШС аумағына табан тіреді. Шаруа қожалығы 2002 жылдан бері жұмыс істейді. Қазір мұнда 12 адам еңбек етуде. Жайылымдық жер көлемі – 260 га, ал суармалы жер – 539 га. Биыл 302,4 гектар аумаққа көпжылдық шөп, 220 гектарға күріш, 17,5 гектар жерге бидай егілген. Шаруашылық басшысы Талғат Сұлтанов техникалық жабдықтар жеткілікті екенін, суару барысында кедергі тумағанын жеткізді. Тек өнімді нарықта өткізу кезінде қиындықтар болатынын айтты. Марат Елеусізұлы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы бұл мәселені шешуге болатынын түсіндірді.
    Келесі кезекте облыс әкімі «СЭМиКо» ЖШС-ның мал бордақылау алаңына атбасын бұрды. Нысан біраз жыл жұмыс істемей тұрған. Бір жыл бойы жөндеу жұмысы жүргізіліп, заманауи техникамен жабдықталып, жаңартылған. Жалпы аумағы – 48 га. Мұнда жақын ауылдардағы 50-ге жуық адам жұмыс істейтін болады. «СЭМиКО» ЖШС директоры Әсел Әбутәліпова Қарасай ауданы Іргелі ауылындағы ешкі сүтін өңдейтін зауытты Балқаш ауданына көшіріп, ауқымын кеңейтуді қалайтынын, себебі өндіріс ауыл ішінде орналасқандықтан тұрғындарға қолайсыздық тудырып жатқанын, ал өнімнің нарықта үлкен сұранысқа ие екенін айтты. Ал Марат Елеусізұлы әкімдік бұл бастаманы толығымен қолдайтынын жеткізді.
    Сапар әрі қарай Бақанас ауылында салынып жатқан тұрғын үй аумағында жалғасты. «BC Lengthy Life» ЖШС әлеуметтік осал топтағы азаматтарға аудан орталығынан үш бөлмелі 64 пәтердің құрылысын жүргізуде. «Мұнда екіқабатты 4 пәтерден тұратын 14 тұрғын үй және 2 пәтерлі 4 тұрғын үй салынған. Әр пәтердің көлемі – 78-80 шаршы метр. Қазір 11 үйдің құрылысы аяқталды. Жыл соңына дейін 18 үй, яғни 64 пәтердің жұмысы бітеді», – деді компания басшысы Жеңіс Қасымбеков.
    Балқаш аудандық құрылыс бөлі­мінің басшысы Нұржан Сағаттың айтуынша, ауданда әлеуметтік осал топқа жататын 624 адам үй кезегіне тіркелген. Биыл 100 пәтер кезекте тұрған жандарға сатып алу құқығынсыз жалға берілмек.
    Биыл Балқаш ауданындағы 10 ауыл­да 12 ауылішілік көшеге орташа жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланған. Бүгінде 4 көше пайдалануға беріліп, 2-уінің жұмысы жалғасуда. Ал қалған 6 көшенің мердігері «New Wave Stroi» ЖШС жөндеу жұмысын уақытылы жүргізбеген. Олар – Бақанас ауылындағы Алтынсарин, Жабаев, Аралтөбедегі Момышұлы, Үшжармадағы Паршин, Алтынсарин және Береке ауылындағы Қонаев көшелері. Мердігер 80,1 млн теңге 30% аванстық төлем алған. Қазіргі таңда құжаттары сотқа берілген. Облыс әкімі бұл мәселенің мән-жайымен танысып, мердігерден алған қаржыны қайтарып, басқа компаниямен келісімшарт жасауды тапсырды.
    Соңғы нысандар Бақанас ауылын­дағы Мұсабек Сеңгірбаев атындағы және Миялы ауылындағы Қарағаш орта мектептері болды. Аталған екі білім ошағы «Келешек мектептері» жобасы аясында күрделі жөндеуден өткен. 1 желтоқсанға дейін толығымен аяқталып, үшінші тоқсанда қолданысқа берілмек. Бақанас ауылындағы мектеп 260, Қарағаш орта мектебі 360 оқушыға арналған. Ауыл тұрғындары жаңа мек­теп салынғанына қуанышты екен­дерін жеткізіп, алғысын білдірді.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА

    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысы әкімдігі мен ШҰАА келісімге қол қойды

    Алматы облысы әкімдігі мен ШҰАА келісімге қол қойды

    3 years ago
    Еңбек адамы – ел дамуының өзегі

    Еңбек адамы – ел дамуының өзегі

    5 months ago
    ЭТНОМЕДИАЦИЯ  –  КЕЛІСІМ КЕПІЛІ

    ЭТНОМЕДИАЦИЯ – КЕЛІСІМ КЕПІЛІ

    2 months ago
    БАЛЫҚШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

    БАЛЫҚШЫЛАР БАС ҚОСТЫ

    5 months ago
    Биыл Қазақстанда ауылшаруашылығы санағы өтеді

    Биыл Қазақстанда ауылшаруашылығы санағы өтеді

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>