⛅
1°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жұмысшы жастар доп тепті

    11.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Жұмысшы жастар доп тепті
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Жұмысшы мамандықтары жылына орай облыстық жастар ресурстық орталығы шағын футболдан жұмысшы жастар арасында облыстық турнир ұйымдастырды.

    «Sport-Time» жобасы аясында өткен жарысқа аудандық және қалалық кезеңнен оза шапқан командалар қатысты. Олардың қатарында Жамбыл, Талғар, Балқаш, Еңбекшіқазақ және Кеген ауданының жұмысшы жастары бар.
    «Біз Кеген өңірінен келдік. Осыған дейін іріктеу кезеңінде тартысты ойын көрсеттік. Бұл жолғы бәсеке мүлдем ерекше. Әр аудан, қаладан кіл мықтылар жиналыпты. Аталған турнир облыстың түкпір-түкпірінен келген жастардың басын қосып, бірлігін нығайтуға, спортқа құлшынысты арттыруға сеп болды. Жұмысшы мамандық иелеріне баса мән берілгені қуантады», – дейді жарысқа қатысушы Руслан Айтжанов.
    Ойын қызу өтті. Әр команда барын салып, жарыс алаңында шеберлігін байқатты. Футбол қорытындысына сәйкес, I орынға «Кеген жастары» командасы жайғасты. II орын Балқаш ауданының «Бақбақты» командасына бұйырса, III орынды «Еңбекшіқазақ» футболшылары місе тұтты. Жүлдегерлерге қаржылай сыйлық табысталды. Сонымен қатар жарыста бақ сынаған өзге командаларға да ынталандыру сыйлығы берілді.
    «Sport-Time» – жұмысшы мамандардың беделін арттырып, жастарды спорт пен салауатты өмірге шабыттандыратын маңызды жоба. «Іс-шараның басты мақсаты – жұмысшы жастар арасында достық қарым-қатынасты арттырып, олардың бос уақытын тиімді пайдалануына себепші болу, салауатты өмір салтын насихаттау және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға ықпал ету», – деді облыстық жастар ресурстық орталығы ұйымдастыру бөлімінің басшысы Шыңғыс Мұқашев.

    Өз тілшіміз
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Балалар үйі тәрбиеленушілерін көшіру мәселесі бойынша түсіндірме

    Жүрекке жылу береді

    5 months ago
    «Өнегелі ұрпақ»: қала әкімі жалғызбасты ананың халін біліп қайтты

    «Өнегелі ұрпақ»: қала әкімі жалғызбасты ананың халін біліп қайтты

    2 years ago
    Алматы облысының әкімі дарынды балаларды құттықтады

    Алматы облысының әкімі дарынды балаларды құттықтады

    3 years ago
    Алматы облысында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды

    Алматы облысында жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылды

    9 months ago
    Ұстаздар есімі ұмытылмайды

    Ұстаздар есімі ұмытылмайды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>