Бүгін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары және бағыттарын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
Ішкі саясат – қоғамды біріктіруге және орнықты, алға жылжуға бағытталған аса маңызды сала.
Құжат Президенттің Жолдауларына, 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарына, сондай-ақ Ұлттық құрылтайда айтылған қағидаттарға сүйене отырып, мемлекетіміздің ары қарай дамуына жол ашады деп сенемін. Ол еліміздегі ішкі саясаттың жұмысын жүйелендіру бағытында маңызды қадам. Мемлекеттік органдардың жұмысына нақты бағдар беріп, ішкі саясатты жүргізудің жұмысын жандандырады.
Бұл құжатта қоғамдағы ең өзекті мәселелер – заң және тәртіп, халық үніне құлақ асатын мемлекет, этносаралық келісім, жастар саясаты, отбасы құндылықтары, мәдени-гуманитарлық даму және ақпараттық саясат сияқты бағыттар қамтылғаны қуантады.
Тұжырымдамалық құжат мемлекеттік органдар үшін ғана емес, сонымен бірге қоғамдық ұйымдар үшін де жұмыс бағыттарын айқындап, үйлестіруге негіз болады деп сенемін. Тек осындай жүйелі тәсіл арқылы ғана қоғамда бірлік һәм әділеттілік қамтамасыз етіліп, әрбір азаматтың құқығы қорғалатын болады.
Көпжасар Нұрлыбай
Кеген аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы




