⛅
-22°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Алматы облысы ауыл шаруашылығы саласында рекорд жаңартты

    13.11.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Алматы облысы ауыл шаруашылығы саласында рекорд жаңартты
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Құс еті өндірісі бойынша республикада – 1-орын, сиыр еті мен жұмыртқа өндірісі бойынша – 2-орын, ал сүт өндіру көрсеткіші бойынша Алматы облысы елімізде 3-орында тұр.

    2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Алматы облысында мал шаруашылығы саласында тұрақты өсім сақталып отыр. Өңірде шаруашылықтарда сойылған және тірідей салмақта өткізілген мал мен құстың жалпы еті 218 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,1%-ға жоғары.

    Республикалық жалпы көлемдегі облыстың үлесі 14%, бұл Алматы облысына ел бойынша бірінші орынды қамтамасыз етті.

    Соның ішінде:

    Құс еті өндірісі – 113 мың тонна (республикалық көлемнің шамамен 30%-ы);

    •Сиыр еті өндірісі – 67 мың тонна, бұл көрсеткіш бойынша облыс Қазақстанда екінші орында.

    Сиыр сүтінің жалпы сауымы 265 мың тоннаны құрады. Өсім көлемі – 5,2%.

    Бұл көрсеткіш Алматы облысына сүт өндіру бойынша елдің үздік үш өңірінің қатарына енуге мүмкіндік берді.

    Өңірде 412 миллион дана тауық жұмыртқасы өндірілді. Бұл да облыстың елдегі ТОП-3 өңірдің қатарында екенін көрсетеді.

    «Бүгінде Алматы облысында мал шаруашылығын қолдау мен дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Нәтижесінде ет, сүт және жұмыртқа өндіру көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл – ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегі мен мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жүйелі қолдаудың жемісі. Алдағы уақытта да өндіріс көлемін ұлғайту, заманауи технологияларды енгізу және өнім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасады», – Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығы бөлімінің бас маманы Олжас Молдатаев.

    Жалпы алғанда, оң көрсеткіштер мал шаруашылығының тұрақты дамуын және Алматы облысының ішкі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды үлесін айғақтайды.

    Ұсынымдар

    Ілгерілеуге бастаған алты жыл

    Ілгерілеуге бастаған алты жыл

    10 months ago
    Астық пен жүгеріден рекордтық өнім алынды

    Астық пен жүгеріден рекордтық өнім алынды

    3 months ago
    Бодандықтың мұрасынан арылған жөн

    Бодандықтың мұрасынан арылған жөн

    2 years ago
    Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек жинау басталды

    Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек жинау басталды

    2 years ago
    Жамбылдағы жарқын іс

    Жамбылдағы жарқын іс

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>