Перейти к содержимому
Басты бет / Әлеумет / Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек жинау басталды

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек жинау басталды

3 қаралым

Алматы облысында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау басталды.
Табиғи апат аймағындағы тұрғындарға көмек қолын созамын деген еріктілер мен облыс тұрғындары үшін Қонаев қаласындағы Центральная көшесі 19-үйде арнайы пункт ашылды.

Бұл ретте облыс тұрғындары үшін күн сайын сағат 09.00-ден 18:30-ға дейін көмек қабылдау пункті ашық болады.

Гуматинарлық көмек ретінде киім-кешек, азық-түлік, гигиеналық заттар, жөргек-жаялықтар, тұрмыстық заттар беруге болады. Мұнда өткізген әрбір зат сұрыпталып, арнайы жәшікке салынуы тиіс. Қолданылған, ескі заттарды беруге болмайды.

Облыс тұрғындарына қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөміріне +7 747 177 12 51 (Дидар Жұмахан) хабарласуға болады.