⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Наурыз 4, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысындағы елдімекендердің 95 пайызы кең жолақты интернетпен қамтылған

    13.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Жоғары технология
    Алматы облысындағы елдімекендердің 95 пайызы кең жолақты интернетпен қамтылған
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Өңірдегі 373 елдімекеннің 355-і кең жолақты интернетпен қамтылса, соның 352-сі мобильді интернетті емін-еркін қолдана алады. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Жандос Ақыл айтты.

    Ауылды жерлер енді интернеттен таршылық көрмейді. Жыл басынан бері облыстағы бірқатар ауыл мобильді интернетпен қамтылды. Бұл қатарда, Еңбекшіқазақ ауданының Көкпек, Ұйғыр ауданының Рахат, Балқаш ауданының Қоскүмбез, Кеген ауданының Ақай Нүсіпбеков ауылдары бар. Аталған жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайды. Жыл соңына дейін Қарасай ауданының Көктөбе ауылында 4G іске қосылып, Кеген ауданының Талды ауылында интернет жылдамдығы арта түспек.

    – «Қолжетімді интернет» жобасы бойынша OneWeb спутнигі Қарасай ауданының Айқым, Кұрқұдық, Жыңғылды, Кеген ауданының Жіңішке, Балқаш ауданының Қасқаөгіз ауылдарына орнатылды. Жыл соңына дейін Жамбыл ауданының Қарабастау, сондай-ақ Қарасай ауданының Көктөбе ауылдары қосылады, – дейді спикер.

    Ендігіде үйлер мен мемлекетітк мекемелер былай тұрсын, қоғамдық орындарда да тегін Wi-Fi-ға қосылуға мүмкіндік болады.

    Ғаламторды кедергісіз қолдануға қолайлы жағдай жасалған соң да аймақта жасанды интелекттіні дамытуға басымдық берілуде. Қазіргі таңда 9 425 бейнабақылау камерасы ЖИ арқылы жұмыс істеп тұр. Олар тұлғаларды тану, қалдырылған қауіпті заттарды анықтау, сондай-ақ адамдардың шоғырлануын анықтау сияқты функционалмен қамтылған.

    Бүгінгі күні облыста республика бойынша алғашқы жасанды интеллект жүйесі – Qonaev AI пилоттық режимде іске қосылған. Жаңа жүйе әкімдіктер мен басқармалардың деректерін біріктіріп, тиісті шешімдер ұсынады.

    Айта кетейік, өңірдің цифрлық трансформация картасы әзірленген еді. Қазіргі уақытта бұл стратегиялық құжат Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінде қаралуда.

    Ұсынымдар

    15 ақпан – Ауған соғысында қаза тапқан боздақтарды еске алу күні

    15 ақпан – Ауған соғысында қаза тапқан боздақтарды еске алу күні

    2 weeks ago
    Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов:  Басты мақсат – өңір әлеуетін арттыру

    Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов: Басты мақсат – өңір әлеуетін арттыру

    8 months ago
    Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсету – негізгі құқық

    Адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсету – негізгі құқық

    2 days ago
    Ресми ақпарат адастырмайды

    Ресми ақпарат адастырмайды

    2 years ago
    «Науқастармен жұмыс істеу үшін жауапкершілік пен кәсіби шеберлік қажет»

    «Науқастармен жұмыс істеу үшін жауапкершілік пен кәсіби шеберлік қажет»

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>