-13 °c
Qonaev
Monday, May 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ресми ақпарат адастырмайды

    07.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай
    Ресми ақпарат адастырмайды
    0
    SHARES
    138
    VIEWS

    Бүгінде еліміздің он аймағында төтенше жағдай жарияланды. Атап айтқанда, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау облыстарында қауіп бұлты әлі сейіле қойған жоқ.
    Халқымыз ежелден от пен суды «Тілсіз жау» деп атаған. Ауа-райының күрт жылынып, қалың жауған қар жылдам еріп, жауын-шашын көлемінің мол болуынан қарғын су аталған өңірлерді басып қалып, тұрғындарды әбігерге түсірді. Осындай сын сағатта ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жариялады. Мұндай ахуалдың ұзақ жылдан бері болмағанын, мұны көлемі жағынан соңғы 80 жылдағы ең ірі табиғи апат деп бағалаған Мемлекет басшысы қазақстандықтарды табиғи апаттың салдарымен бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, күресуге шақырды. Қасым-Жомарт Кемелұлы жұртшылықты табиғи апаттың салдарымен бірлесіп күресуге шақырды.
    «Тілсіз жауды» ауыздықтау мен оның зардабын жою бағытындағы жұмыс күшейіп, Премьер-Министр басқаратын республикалық штаб құрылды. Баспанасы, дүние-мүлкі судың астында қалған тұрғындарға көмек көрсетілуде.
    Расында, апат аталған өңірлердегі халықтың ғана емес, барша қазақстандықтардың басына түскен қиындық екені анық. Осыны жақсы түсінген еліміздің барлық аймағының тұрғындары, қиындық құрсауында қалған ағайынға шама-шарқынша қол ұшын созуда. Бұл игілікті іске Алматы облысының тұрғындары да атсалысып жатқанын атап өткен жөн.
    Бұрын да талай қиын-қыстауды басынан өткерген халқымыз ауызбіршілігінің арқасында бұл ауыртпалықты да бірге еңсеретіні сөзсіз. Тек сабыр сақтап, төзімділік танытып, ел бірлігіне сызат түсірмеуіміз керек. Мемлекет басшысы айтқандай, жалған ақпараттың жетегінде кетер болсақ, ел тыныштығына қауіп төнуі ықтимал. Баянды тірлікке бірліктің арқасында қол жеткізе аламыз. Сондықтан ресми ақпарат көздерінің адастырмайтынына жұртшылықтың назарын аударғым келеді.

    Қалижан Алпысбаев,
    Алматы облыстық ішкі істер басқармасы тәлімгерлер кеңесі төрағасының орынбасары, ішкі істер саласының ардагері,
    Қонаев қаласының Құрметті азаматы

    Ұсынымдар

    Еселі еңбек жемісі

    Еселі еңбек жемісі

    5 months ago
    Қайырымдылыққа жаны құштар

    Қайырымдылыққа жаны құштар

    1 month ago
    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы

    3 months ago
    Қонаев әкімі қалалық автопарк жұмысын тексерді

    Қонаев әкімі қалалық автопарк жұмысын тексерді

    1 year ago
    Жат ағым жарға жығады

    Жат ағым жарға жығады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>