⛅
14°C
Қонаев
Дүйсенбі, Қараша 3, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ән әуелеп, күй төгілді

    01.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Ән әуелеп, күй төгілді
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы Қазақстан халқы Ассамблеясы бастамасымен 2015 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Бұл байқау өскелең ұрпақты, атап айтқанда, еліміздегі түрлі этнос өкілдерін мемлекеттік тілді үйренуге ынталандыру арқылы қазақстандық бірегейлікті дамытуға бағытталған. Талғар қаласындағы Абай атындағы №3 орта мектепте аталған конкурстың өңірлік кезеңі өтті. Ол әйгілі композитор, дәулескер күйші, даңқты дирижер Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналды.

    Мектептің мәжіліс залында әр ауданнан келген жас өнерпаздар ұлттық аспаптарда Нұрғиса Тілендиевтің туындыларын орындады. Олардың өнерін облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, «Ронай» күрд этномәдени орталығының төрағасы Гамзе Гейдаров, Талғар аудандық мәдениет бөлімінің өкілі Ділда Әбілқасымова, «Қоғамдық келісім және даму орталығы» мемлекет­тік мекемесі этномәдени орталықтар жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы Жансұлу Бәшенова қатысқан қазылар алқасы бағалап отырды.
    Өнер сайысын ашқан қазылар алқа­сы­ның төрағасы Гамзе Гейдаров этнос­тар арасында тіл мәдениетін дамы­туға елеулі үлес қосқан «Мың бала» бай­қауының маңыздылығын атап өтті. Ол:
    – Жоба өскелең ұрпақты – мектеп жасына дейінгі балалар мен мектеп оқушыларын, сондай-ақ түрлі этнос жастарын Қазақстан халқының ұлттық және рухани құндылықтарына баулуға, мемлекеттік тілді насихат­тауға бағытталған. Біз бүгін осындай игі шараға қатысып жатқан өнерлі де талапты балаларды көріп отыр­ғанымызға қуаныштымыз және олардың шығармашылық бастамасына әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз, – деп қатысу­шыларға сәттілік тіледі.
    Сахнаға бірінші болып Қонаев қаласынан келген Любовь Краснобаева «Елге сәлем» әнімен шықты. Іле ауданының намысын қорғаған Вадим Травин Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйін асқан шеберлікпен орын­дады. Ал ақындар мен батыр­лар елі саналатын Жамбыл ауданы­ның өкілі Алексей Юрченко Қапездің «Үш Меркі» әнін әуелетті. Дәулескер күйшінің «Әлқиссасын» Қарасай ауданының өкілі Валерия Ким, Жамбыл ауданынан Ағмат Ислам Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін күмбірлетті. Іле ауданы­нан келген Виктория Коваленко «Балапан қаз» халық әнін шырқап, осы ауданның «Наворис» тобы «Кеңес» күйін тартып, шеберліктерін паш етті. Талғар ауданының намысын қорғаған Лейла Әлиева Абдулхамит Райымбергеновтің «Секіртпе» күйін орындаса, Іле ауданынан келген Арафат Розахунов Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» әнін шырқады. Жас әртістердің өнері Іле ауданынан келген Анастасия Сундукованың орындауындағы Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» әнімен аяқталды.
    Қазылар алқасы байқау қорытын­дысын шығарды. «Мың бала» аталы­мында әлеуметтік желілерде Абай Құнанбаевтың өлеңін оқуға арналған үздік челлендж жариялаған Қарасай ауданының 10-сынып оқушысы Туляй Татарова жеңімпаз атанды. «Өнерлі өрге жүзер» аталымында бірінші орынды Жамбыл ауданынан Алексей Юрченко, екінші орынды талғарлық Лейла Әлиева, үшінші орынды Іле ауданынан Виктория Коваленко иеленді. Жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталды.
    Байқау шарты бойынша облыстық кезеңнің жеңімпазы Астанада өтетін додаға қатысу құқығына ие болады. Бұл құрмет Алексей Юрченкоға бұйырды. Ол енді республикада облысымыздың намысын қорғайды

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Азиада-2023: Қазақстан сұрмергендері жүлдеге ілікті

    Азиада-2023: Қазақстан сұрмергендері жүлдеге ілікті

    2 years ago
    Спортшылар спартакиадасы аяқталды

    Спортшылар спартакиадасы аяқталды

    10 months ago
    ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН

    ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН

    1 year ago
    Жыр дүлдүлі

    Жыр дүлдүлі

    12 months ago
    Заманауи көліктер табысталды

    Заманауи көліктер табысталды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>