[um_weather city="Қонаев"]
Сенбі, Қаңтар 24, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әсет Мұстафин, Қазақстан Ұлттық банкі Алматы облыстық филиалының директоры: Төл теңгеміз – тұрақтылық тұғыры

    15.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Сұхбат
    Әсет Мұстафин,  Қазақстан Ұлттық банкі Алматы облыстық  филиалының директоры: Төл теңгеміз –  тұрақтылық тұғыры
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Қаржы жүйесі қызмет­керлерінің кәсіби мерекесіне орай Қазақстан Ұлттық банкі Алматы облыстық филиалының директоры Әсет Мұстафинмен сұхбаттасқан едік. Әңгімеміз өңірлік филиалдың негізгі міндеттері мен еліміздің қаржы нарығындағы өзгерістері жайында өрбіді.

    – Әсет Жапарұлы, өзіңіз басқарып отырған облыстық филиалдың атқарып жатқан қызметі, негізгі міндеттері жайлы айтып берсеңіз.
    – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі мақсаты – еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, яғни инфляция деңгейінің артып кетпеуін қадағалау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің алдына бірқатар міндет қойылған. Атап айтсам, олар – мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу, төлем жүйелерінің қызметін қамтамасыз ету, валюталық бақылау және реттеуді іске асыру. Сонымен бірге ақша-кредит, қаржы нарығы, сыртқы сектор статистикасын жүзеге асыру да Ұлттық банк құзыретіне жатады. Ақша-кредит саясаты – баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін экономикадағы ақшаның құнын реттеуге бағытталған шаралар кешені. Орта мерзімді перспективада тұрақты инфляция деңгейіне қол жеткізу ақшаның сатып алу қабілетін сақтап, халықтың әл-ауқатын жақсартуда негізгі фактор саналады.
    – Халықтың қаржылық сауатын арттыру бағытында филиал қандай жобаларды жүзеге асырып жатыр?
    – Осы жылы Қазақстан Респуб­ликасының Ұлттық банкі Оқу-ағарту министрлігі және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірлесе отырып, мектеп, колледж педагогтерінің және оқушылардың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған оқу курстарын қолға алды. Жоба республика бойынша 10 мыңға жуық мұғалімді қамтиды және педагогтердің экономика негіздері, қаржылық қауіпсіздік және жеке деректердің қауіпсіздігі сынды қаржылық білімін көтеруге бағытталған.
    Оқыту курсы Ұлттық банктің өңір­лік филиалдары базасында банк мамандары мен «Өрлеу» орталығының кәсіби тренерлерінің жетекшілігімен өткізіліп жатыр. Оқыту жобасы 2025-2026 жылдарға жоспарланған. Алдағы уақытта бейнетренинг негізінде интерактивті форматта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылуда.
    Алматы облысы бойынша қаржылық сауаттылықты арттыру курсы «Жаһандық құзыреттілік» пәнінен дәріс беретін 650-ге жуық педагогті қамтиды. Білім саласы қызметкерлерінің қаржылық сауаттылық бойынша алған білім, білік дағдылары алдағы уақытта барлық мектептің оқу процесіне енгізіледі. Бұл бастама – қаржы мәдениетін білім беру жүйесімен жүйелі түрде ықпалдастыруға және оқушылардың өз қаржысын тиімді басқару дағдыларын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
    – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл­ғы Жолдауында «Цифр­лық активтердің толыққанды экожүйесін тезірек қалыптастыру керек» деген еді. Әсіресе, цифрлық теңгені рес­публикалық және жергілікті бюджетте, мемлекеттік холдингтердің бюджетінде пайдалануға болатынын ескертті. Қазір цифрлық теңге нақты қаржы айналымында кеңінен қолданылып жатыр ма?
    – Бүгінгі таңда Қазақстан Рес­пуб­ликасының Үкіметі Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік сатып алуда, оның ішінде құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында цифрлық теңгені пайдалана отырып, ҚҚС-ны қайтару тетігін цифрландыруда бюджет қаражатын жұмсау тиімділігін арттыру бойынша пилоттық жобаны іске асырып жатыр. Цифрлық теңге қолма-қол және қолма-қол емес қаражатпен қатар ақшаның үшінші формасы түрінде елдің ұлттық төлем жүйесінің толыққанды элементіне айналады, онлайн және оффлайн есеп айырысу ісін жеңілдетеді, қаржылық операциялардың ашықтығын арттырады және заманауи технологияларды енгізу арқылы бюджет қаражатының қозғалысын бақылауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ цифрлық теңге өңірлерде қолма-қол ақшасыз төлемдердің одан әрі өсуін және қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттырады.
    – Өткен айда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерді. Қаржы саяса­тындағы бұл өзгеріс қарапайым адам­дардың өміріне қалай әсер етеді деп ойлайсыз?
    – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/-1 п.т. дәлізімен жылдық 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Инфляцияның күшеюі, сұраныстың ұсыныстан асып түсу белгілері және белсенді фискалдық саясат аясында ақша-кредит шарттарының жұмсаруы инфляция­лық динамиканы тұрақтандыру және инфляциялық спиральдің қалыптасу қаупін болдырмау, бағаның бақылаудан шығуына жол бермеу үшін шешуші қадам жасауды талап етті.
    Барлық негізгі метрика бойынша инфляцияның өскені байқалды. Жылдық инфляция қыркүйекте 12,9%-ға дейін қарқын алып (тамызда – 12,2%), Ұлттық банктің болжамынан асып түсті. Азық-түліктің жекелеген санаттары қарқынды түрде қымбаттап келеді. Бұл өндіріс шығындарымен және импорт құнының өсуімен байланысты. Сонымен қатар сервистік инфляция да (15,3%) реттелетін қызметтердің (30,4%), сондай-ақ бірқатар нарықтық қызметтердің қымбаттауы есебінен айтарлықтай үлес қосты. Жанар-жағармай нарығын ырықтандыру шараларын жалғастыру аясында азық-түлікке жатпайтын инфляция қарқын ала бастады (10,8%). Отын бағасы бір жылда 11,9%-ға қымбаттап, қыркүйекте 3,4%-ға өсті.
    Халықтың инфляциялық күтулері 12 айда жоғары және құбылмалы болып, бағалауда белгісіздік сақталып қалды. Нарықтағы кәсіби қатысушылардың биылғы жылға арналған инфляциялық болжамы 11,3%-дан 12%-ға дейін өсті. Сыртқы инфляциялық әсер әлі сақталып отыр. Сонымен бірге, ең алдымен, әлемдік азық-түлік нарығы жағынан тәуекел күшейе түсті. Соңғы жылдары ет пен өсімдік майы санаттарында баға жағынан рекордтық өсім байқалды. Олардың динамикасы белсенді ішкі экспорт жағдайында ішкі бағалардың өсуіне әсер етеді. Бірақ еліміздің басты қаржы институты осы қиындықты еңсеру үшін еңбек етіп жатыр.
    – Ұлттық валюта күніне орай әріптестеріңізге қан­дай ізгі лебіз білдіргіңіз келеді?
    – Тек өзімнің әріптестерімді ғана емес, барлық Қазақстан жұртын Ұлттық валюта күнімен шын жүрек­тен құттықтаймын! Төл теңгеміз – тәуелсіздігіміздің экономи­калық негізі, егемендігіміздің сим­волы, Қазақстанның тарихы мен бола­шағының бір бөлігі. Елімізде қаржылық тұрақтылық орын алып, ұлттық валютамыздың айбары асқақтай берсін деп тілеймін.
    – Әңгімеңізге рахмет!

    Сұхбаттасқан – Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Ержан Жиенбаев: «Қазақстанның Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады»

    Ержан Жиенбаев: «Қазақстанның Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады»

    5 hours ago
    Жандосов есімі жаңғырса…

    Жандосов есімі жаңғырса…

    2 years ago
    Мемлекет басшысы Жапонияның Премьер-министрі Санаэ Такаичимен келіссөз жүргізді

    Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды

    1 month ago

    Мәслихат рөлін арттыру маңызды

    1 year ago
    Жүрегінен ән тамған

    Жүрегінен ән тамған

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>