Талғар ауданының әкімдігінің хабарлауынша, 16 қараша күні Қарабұлақ ауылындағы үш қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнына ТЖД күштері жедел жетіп, қосымша резервтік бригадалар да жұмылдырылды.
Құтқарушылардың мәліметінше, өрт 18:18-де толықтай оқшауланды. Екінші қабаттан екі адам эвакуацияланып, оларға медициналық көмек көрсетілді. Қайта тұтану қаупін болдырмау үшін ғимараттан 15 газ баллоны шығарылды.
Алғашқы минуттардан-ақ оқиға орнында Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков болып, барлық қызметтердің жұмысын үйлестірді.
Үйде 18 пәтер бар, шамамен 48 адам тұрады. Әкімдік тұрғындарға уақытша баспананы ұсынды. Алайда барлық тұрғындар туыстарының үйлеріне орналасты.
Зардап шеккендерге дәмханадан ыстық тамақ ұйымдастырылды.
Таңертеңнен бастап шатырды жөндеу жұмыстары басталады. БМК жобасы сараптамадан өтіп жатыр, жаңа нысанның құрылысы келесі жылға жоспарланған.
Жалпы жағдай тұрақты, барлық тұрғындар аман. Өрт ошағы жедел қызметтердің толық бақылауында.
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі




