⛅
9°C
Қонаев
Жұма, Қараша 28, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Даңқты бабаның дара жолы

    22.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Даңқты бабаның дара жолы
    0
    SHARES
    26
    VIEWS

        Алматыдағы Қонаев атындағы университетте халықаралық «Қадырғали Жалайыр», «Мұқалы баһадүр» қорлары және «Анда» шежіре отауының ұйымдастыруымен «Мұқалытану» атты халықаралық симпозиум өтті. Алқалы басқосуға белгілі ғалымдар, тарихшылар мен қаламгерлер қатысты.

    Жиынды ашып, жүргізіп отырған заң ғылымдарының докторы, профессор, Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры, Қадырғали Жалайыр қорының президенті Өмірәлі Жалайыри аталған басқосудың мақсаты мен міндеті туралы айта келіп, симпозиум жұмысына сәттілік тіледі.
    – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихын азат санаға негізделген жаңа көзқараспен қайта қарастырып, оны тәуелсіз ғылыми ұстаным тұрғысынан жүйелеу және ғылыми айналымға енгізу міндетін алға қойды. Бұл бастама ұлттық бірегейлікті нығайтуға, тарихи сананы жаңғыртуға және қоғамның рухани дамуына серпін беруге бағытталған, – деді ол сөзінің басында. – Осы үдеден табылу мақсатында Шыңғыс қаған құрған Еке Моғол ұлысы кезеңіндегі халқымыздың алдаспан баһадүрі, адамзат ардақ тұтқан қолбасшы-генералиссимус Мұқалы Күнқуарұлының елдік пен ерлікке толы жеңісті жолын ұрпақ санасына сіңіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Бұл тәуелсіз мемлекетіміздің тарихнамасындағы жарқын да жаңа жылнама болатыны анық. Халықаралық симпозиум тарихқа тың көзқарас, соны соқпақ салуға жол ашады деп сенемін.
    Аталған шарада Қытай Халық Республикасынан келген қаламгер, Қытай мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әкбар Мәжиттің «Мұқали» атты туындысының, «Анда» шежіре отауының мүшелері мен мемлекет және қоғам қайраткері Наурыз Қылышбаевтың бірлесе шығарған «Жампоз» кітабы мен ақын, Шыңғысхан академиясының академигі Әміре Әріннің «Әлем мойындаған Мұқалы» атты жинағының тұсаукесер рәсімі өтті. Бексұлтан Нұржеке, Мәмбет Қойгелді, Қыдыр Тәжібаев, Тоқтарбай Керімқұлов, Орынбасар Тазабеков сынды танымал тұлғалар аталған үш кітаптың лентасын қиғаннан кейін баяндамаға кезек берілді.
    Алғашқы болып сөз алған тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан тарихшылар қауымдастығының төрағасы Мәмбет Қойгелдиев «Өз тарихымызды өзіміз жазатын күн туды» тақырыбында еліміздегі тарих ғылымының бүгіні мен болашағына тоқталып, Мұқалы Күнқуарұлының тарихта алар орны жайлы ойын ортаға салды. Жазушы Бексұлтан Нұржеке «Мұқалы мен Сұң елшісі» тақырыбын қозғап, Шыңғыс ханның шығу тегі мен Мұқалыға қатысты тың деректерді көпшілік назарына ұсынды.
    Ал Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан мен іргелес елдер тарихы бөлімінің меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты Жанымхан Ошан Ресей империясы мен Кеңес өкіметі кезінде қазақ халқының тарихына қатысты жазылған еңбектерде бұрмалауға ұшыраған деректерді жариялады. Арқа төсінен бейнебайланысқа шыққан Астана қаласындағы Ұлттық қорғаныс университетінің ректоры, генерал-майор Асқар Мұстабеков даңқты қолбасшының әскери жорықтары мен жеңісті жолдарын қазақ жауынгерлеріне үйретудің қажеттілігін баса айтты.
    Келесі болып мінберге көтерілген Алматы облысының Құрметті азаматы Наурыз Қылышбаев «Жеті жұрттың қамын жеген Мұқалы» тақырыбында баяндама жасап, сөзінің соңында мұқалытануға үлес қосып, аталған кітаптардың шығуына қолдау көрсеткен және билер мен батырлар кесенесін қалпына келтіру жұмыстарымен айналысатын азаматтарға алғыс білдірді.
    Жиын барысында Алматы облысының Құрметті азаматы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Тынышбай Досымбеков «Мұқалы – стратег әрі ұлы қолбасшы», Қытайдан келген қаламгер Әкбар Мәжит «Мұқалы ұрпақтары», ақын Әміре Әрін «Мұқалытану – ұлт мерейі, рух қайнары» деген тақырыптарда баяндама жасап, күн тәртібіне қойылған мәселе төңірегінде тың ойлар айтып, тиімді ұсыныстарымен бөлісті.
    Алқалы жиынның соңына қарай Қытайдан келген арнайы делегация өкілі Қонаев университетінде ҚХР Коммунистік партиясының төрағасы Си Цзинь пин атындағы зерттеу орталығы мен баспаны салтанатты түрде ашты.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Ұсынымдар

    «Науқастармен жұмыс істеу үшін жауапкершілік пен кәсіби шеберлік қажет»

    «Науқастармен жұмыс істеу үшін жауапкершілік пен кәсіби шеберлік қажет»

    3 years ago
    Ұйғыр ауданында жеміс-жидек бақтарының 98%-ы үсіп кеткен

    Ұйғыр ауданында жеміс-жидек бақтарының 98%-ы үсіп кеткен

    3 years ago
    Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі не?

    Әдеп жөніндегі кеңестің қызметі не?

    1 year ago
    Келісіп пішкен тон келте болмайды

    Келісіп пішкен тон келте болмайды

    5 months ago
    Іле ауданында ұрпақтар сабақтастығына арналған әлеуметтік клуб ашылды

    Іле ауданында ұрпақтар сабақтастығына арналған әлеуметтік клуб ашылды

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>