-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Іле ауданында ұрпақтар сабақтастығына арналған әлеуметтік клуб ашылды

    19.05.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Өңір тынысы
    Іле ауданында ұрпақтар сабақтастығына арналған әлеуметтік клуб ашылды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Алматы облысы, Іле ауданының Өтеген батыр ауылында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржылық қолдауымен «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы салтанатты түрде ашылды. Игілікті іс шараға аудан әкімі Б. Қарасаев, «Samruk-Kazyna» акционерлік қоғамы, қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қолдау басқарушы директоры Ғ. Ауғанов, аудан белсенділері, аудандық ардагерлер кеңесі, аналар кеңесі, ауыл тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында сөз алған аудан басшысы Бағдат Қарасаев, ілеліктерге аудан көлемінде жас жеткіншектердің, әсіресе әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан бүлдіршіндердің емін еркін білім алатын жаңа ошағы пайда болғанын қуана жеткізді.

    Алматы шаһарынан кейін «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубының бұл жобасы ең алғаш Іле ауданында ашылғанын айта кеткеніміз жөн. Енді Өтеген батыр ауылындағы төрт мектептің әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларынан шыққан балалар осы клубта ақысыз білім алады. Білім беру саласы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып саналады. Мысалы, 2022 жылы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Қамқоршылық кеңесі бұл бағытта 1,35 миллиард теңгеге 9 жобаны мақұлдап, іске асырылды.

    «Шыңға өрлеу» жобасы барысында аға буын өкілдерінің арасынан жұмыспен қамтылған 20 мұғалім-тәлімгер тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 1-4 сыныптың 120-дан астам оқушысына күнделікті тегін сабақ береді. Осылайша ұрпақтар сабақтастығы қалыптасып, өзін жалғыз сезінуден арылуға мүмкіндік алған зейнеткер қариялар балаларға қамқорлық танытып, жылуын сыйлайды, тәжірибесімен, даналығымен бөліседі.

    «Аға буын өкілдерін ардақтау, оларға барынша қолдау көрсету мәселесі біздің үнемі назарымызда. Оған «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне жәрдемдесуге арналған, бүкіл ел бойынша 1400 қарияны қамтитын «Жеңіс» сынды жобаларымыз дәлел. Көргені көп, өмірден түйген даналығы мол егде жастағы педагог аға-апаларымыздың зейнетке шыққанына, шау тартқанына қарамастан, жас буынды тәрбиелеп, сауатын ашуда белсенділік танытып жатқаны қуантады. Осылайша тұрмысы төмен отбасыларда тәрбиеленуші жеткіншектердің тұлғалық дамуына ден қойылып жатыр», – деп атап өтті «Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс, әлеуметтік-еңбек қатынастары және еңбекті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов.

    Жаңа клуб ішінде керек жарақтың барлығы бар. Бір мезгіл тамақ беретін шағын асхана да орыналасқан. Клубта балаларға барлық негізгі мектеп пәндері математика, қазақ, орыс, ағылшын тілдері, IT-технологиялар бойынша үй тапсырмасын дайындауда кәсіби көмек көрсетіліп қоймай, сонымен қатар жеткіншектер дене шынықтыру, сәндік-қолданбалы өнер, шахмат, хореография, музыка, домбыра, үй шаруашылығы және спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге қатысады.

    «Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы екінші тынысымызды ашып, осыған дейін жинаған бай білім-тәжірибемнің қоғамға әлі де керек екенін сездірді. Жұмысқа келгеннен кейін біз педагог-тәлімгерлер әр баламен бірге балдәурен шаққа саяхат жасаймыз, әлемге оның көзімен қарауға тырысамыз. Мұнда жұмыс істеу маған қуаныш пен ризашылық сезімін сыйлайды. «Samruk-Kazyna Trust» және «Шыңға өрлеу» – биіктерге бірге!», – деп әсерімен бөлісті 42 жылдық тәжірибесі бар жоғары санатты мұғалім, Қазақстан Білім беру ісінің үздігі Сәуле Ботабаева.

    Жобаға «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» КҚ арқылы 101,6 миллион теңге бөлінді.

    Бағдат ШОЙБАСОВ,
    Іле ауданы

    Tags: "Шыңға Өрлеу"samruk kazyna trustәлеуметтік клуб

    Ұсынымдар

    Қонаевтың 12 қасиеті

    Қонаевтың 12 қасиеті

    7 months ago
    Шешімін күткен мәселе көп

    Шешімін күткен мәселе көп

    6 months ago
    Ардагерлерді құттықтады

    Ардагерлерді құттықтады

    1 year ago
    Қазына қаржысы – ел игілігіне

    Қазына қаржысы – ел игілігіне

    6 months ago
    Әскер қатарын толықтырғандарға мүмкіндік мол

    Әскер қатарын толықтырғандарға мүмкіндік мол

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.