Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Елдіктің алтын арқауы Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әріновтің Республика күніне арналған құттықтауы

Елдіктің алтын арқауы Алматы облысының әкімі Шыңғыс Әріновтің Республика күніне арналған құттықтауы

27 қаралым

Құрметті қауым!
Қадірменді облыс тұрғындары!
Баршаңызды ұлттық рухымыздың биік тұғыры, ұлық мерекеміз – Республика күнімен құттықтаймын!
Дана халқымызда «Егемен болмай, ел болмас» деген терең мағыналы сөз бар. 25 қазанда «Мемлекеттік егемендік туралы» декларацияның қабылдануы – халқымыздың тарихи таңдауын айқындаған, дербестігін төрткүл дүниеге жария еткен айрықша сәт.
Елдігіміздің алтын діңгегі болған осы қастерлі күннің маңызын ескере отырып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күнін атап өту дәстүрін қайта жаңғыртты, ұлттық мереке мәртебесін берді.
Биыл мемлекетіміз үшін тағы бір айтулы белес – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 35 жылдығы.
Шын мәнінде, осы бір ширек ғасырдан астам уақыт – азаттығымызды бекемдеп, еңсемізді тіктеген кезең болды. Сындарлы жылдар ішінде ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, келешек ұрпаққа кемел Отан қалдыру жолында маңызды міндеттер жүзеге асырылуда.
Осынау ұлы көште Алматы облысының да өзіндік өрелі үлесі бар. Өңіріміздің әлеуеті артып, экономиканы нығайту бағытында толайым нәтижелерге қол жеткізіп келеміз. Бүгінгі жетістік­теріміз – бағындырар еңселі асуларымыздың бастауы ғана. Алдымызда халықтың тұрмысын одан әрі жақсартып, елімізді озық мемлекеттер қатарына қосу жоспары тұр. Бұл – ұлт тағдыры мен келер буын алдындағы жауапкершілік.
Қымбатты жерлестер!
Бірлігіміз бекем болса, біз бағындырмайтын биік, алынбайтын қамал жоқ. Еліміздің өсіп-өркен­деуі жолындағы еңбектеріңізге толағай табыс, баста­маларыңызға сәттілік тілеймін!
Әр шаңырақта шаттық, мемлекетімізде тыныштық пен тұрақтылық арта берсін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, келешегіміз кемел болғай!
Мереке құтты болсын!

↑