Перейти к содержимому
Главная страница » Ішкі саясат — ел бірлігі мен дамуының өзегі

Ішкі саясат — ел бірлігі мен дамуының өзегі

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл — еліміздің идеологиялық және саяси жүйесін жаңа кезеңге бағыттайтын маңызды қадам.

Бұл құжатта ішкі саясаттың басты ұстанымдары айқындалған: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Түрлі көзқарас — біртұтас ұлт», «Адал азамат», «Таза Қазақстан», сондай-ақ «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты – демократиялық қоғам құру жолындағы нақты бағдарды көрсетеді.

Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда ішкі саясаттың жүйелі, тұғырлы болуы – мемлекеттің тұрақтылығы мен қоғамның бірлігінің кепілі.

Идеология – жай ұран емес, ол ұлттық сананы қалыптастырып, елдің дамуын бағыттайтын рухани өзек.

Сондықтан Президент бекіткен бұл тұжырымдамалық құжат – мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ құндылықтарын айқындап, жаңа сапалы мемлекеттік идеологияның негізін қалайды.

Басты мақсат – жауапты азамат, әділ қоғам және біртұтас ұлт қалыптастыру.

Бұл – жаңа Қазақстанның берік рухани платформасы.

Алмасбек Сатибаев,

«AMANAT» партиясы Іле аудандық филииалының төрағасы