[um_weather city="Қонаев"]
Бейсенбі, Қаңтар 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    КЕЛІСІМНІҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ

    19.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    КЕЛІСІМНІҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Қонаев қаласында облыстық мәслихат төрағасы, ҚХА мүшесі Қуат Байғожаевтың «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» жобасы аясында этномәдени бірлестіктер және қоғамдық құрылым өкілдерімен кездесуі өтті.

    «Қазақстан халқы Ассамблеясы – елдегі ішкі тұрақтылықтың кепілі» тақырыбындағы басқосуды ашқан Қонаев қалалық мәслихатының төрағасы Серік Нұрқадыров «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» жобасының мақсат-міндетіне тоқталды. Сонымен бірге облыстық Ассамблеяның барлық этностарды азаматтық және рухани-мәдени бірлікке бастап, бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру бағытында нәтижелі жұмыс істеп келе жатқанын, былтыр ҚХА жанынан депутаттық топ құрылғанын, оның қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту бағытында маңызды қадам болғанын тілге тиек етті.
    Алғашқы сөз кезегін алған Қуат Сұлтанұлы қоғамдағы тұрақтылық пен татулықты сақтауда бірге еңбек етіп келе жатқан түрлі этнос өкілдерімен бір алаңда басқосудың маңызы зор екенін атап өтті.
    – Мемлекет басшысының биыл­ғы Жолдауы еліміздің алдағы даму бағытын нақтылап берді. Бұл стратегиялық құжатта Қазақстанды жасанды интеллект дәуіріне бейімдеу, әлеуметтік әділеттілік, технологиялық жаңғыру және экономикалық серпіліс мәселелеріне ерекше назар аударылды, – деген облыстық мәслихат төрағасы Жолдаудағы жеті негізгі бағыт бойынша кең көлемде мағлұмат берді.
    Әрі қарай сөзін сабақтаған Қуат Байғожаев Жолдау жүктеген міндеттердің баршамызға ортақ жауап­кершілік екенін еске салды.
    – Алматы облысы – 105 этнос өкілінің ортақ шаңырағы. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш әрі жауапкершілік. Бүгінде облыс аумағында жұмыс істейтін этномәдени бірлестіктер бірлік пен татулықты насихаттап, дәстүр мен мәдениетті ұлықтауда айрықша еңбек сіңіріп жүр. Олардың бастамасымен өтетін түрлі форум мен іс-шаралар – елдегі қоғамдық келісім мен бірліктің нақты көрінісі. Алматы облысының мәслихаттарында 228 депутат қызмет атқаруда. Оның ішінде түрлі этнос өкілдері де бар. Олар – ел ішіндегі келісім мен тұрақтылықтың шынайы жақтаушылары. Біз – бір шаңырақ астында бірлік пен татулықта өмір сүріп жатқан үлкен отбасымыз. Осындай бірліктің арқасында талай белесті бағындырдық, әлі де алар асуымыз көп, – деп сөзін аяқтады Қуат Сұлтанұлы.
    Мінберге шыққан Қонаев қалалық аналар кеңесінің төрағасы Дәметкен Нүсіпбекова ғимарат тапшылығынан, 6 ұйымның бір бөлмеде отырғанын, іс-шара өткізетін орын табылмай қалатынын қынжыла жеткізді. Одан кейін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы жетекші журналистер мен сарапшылар клубы­ның мүшесі, облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Забира Сайділдинаның «Этножурналистика – қоғамды біріктірудің нәзік құралы» тақырыбында баяндамасы тыңдалды.
    Келесі кезекте облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қонаев қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бақытбек Дәулетов, орыс мәдениеті орталығының төрағасы Зинаида Волкова, «Қазақстандық ұйғырлардың республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Қонаев қалалық филиалының төрағасы Рисалят Нуранова, корей этномәдени орталығы төрағасының орынбасары Ирина Пак өздерінің жетекшілік ететін ұйымдарының этносаралық татулықты нығайту бағытында атқарып жатқан жұмыстары туралы сөз қозғады. Содан соң сөз тізгіні «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі Алматы облысы бойынша филиалының төрағасы Вера Плетневаға берілді.
    – Бүгінгі кездесудің мәні – қоғамдағы бірлік идеясын нығайту, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру. Қазақстан халқы Ассамблеясы этностар татулығын сақтауға, ортақ құндылықтарды дамытуға бағытталған маңызды бастамаларды тұрақты жүзеге асырып келеді. Бұл миссияны алға апаратын ең белсенді күш – жастар. 2021 жылғы Президент тапсырмасымен құрылған «Ассамблея жастары» ұйымы бүгінде этносаралық келісімді нығайтуда өз орнын айқындады. Алматы облысында 86 этнос өкілінен құралған белсенді жастар қауымы өңірдегі қоғамдық келісім бағытындағы жұмыстарға жүйелі түрде қатысып, нақты нәтижелер көрсетуде. Облыс көлемінде ҚХА-ның негізгі бастамалары жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Соның ішінде «Жаңа толқын» жобасы – этнос жастарының көшбасшылық қабілетін дамытуға, оларды қоғамдық өмірге кеңінен тартуға бағытталған маңызды платформа. «Ассамблея жастары» ҚХА-ның басқа да мазмұнды жобаларына қатысып келеді, – деді Вера Владимировна.
    Кездесуді қорытындылаған Серік Нұрқадыров Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары мүшелерінің белсенді жұмысы, жергілікті атқару органдарымен тығыз байланысы көп мәселені шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Шалкөде жайлауын дүбірлетті

    Шалкөде жайлауын дүбірлетті

    6 months ago
    «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

    «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

    1 month ago
    Аңшылық маусымы ашылды

    Аңшылық маусымы ашылды

    10 months ago
    Жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыру ережесі өзгерді

    Жүргізуші куәлігін алуға емтихан тапсыру ережесі өзгерді

    2 years ago
    Жасанды интеллект мұғалімге көмекші ме?

    Жасанды интеллект мұғалімге көмекші ме?

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>