⛅
19°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Композиторға құрмет

    01.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мерейтой
    Композиторға құрмет
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Жамбыл ауданы­­ның орталы­­ғы Ұзынағаш­тағы Мәдениет үйінде белгілі композитор, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Композиторлар одағы және Авторлар қоғамының құрметті төрағасы Балнұр Қыдырбектің 70 жасқа толуына арналған шығармашылық кеші өтті.

    «Өмір – өнер мейрамы» атты шараның шымылдығын ашқан Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Әділбек Қамбарұлы мерейтой иесін құттықтап, композитордың қазақ өнері мен мәдениетінің дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтті.
    «Балнұр Балғабекқызының шығармалары ұлттық музыканың биік белесін айқындап, жас ұрпақтың рухани қазынасына айналды. Жазған күйлері мен симфониялық туындылары халқымыздың рухани болмысын аша түсіп, ананың мейірімін, даланың кеңдігін сезіндіреді. Мерейлі жасыңыз биік болсын! Шабытыңыз сарқылмай, өнеріңіз өрлей берсін!» – деп сахна төрінде сый-құрмет көрсетті.
    Шығармашылық кеш барысында театр­ландырылған көрініс қойылып, Балнұр Қыдырбектің өмірі мен еңбек жолының жарқын белестері сахналанды. Аудандық Мәдениет үйінің өнерпаздары мен жас музыканттар композитордың туындыларын орындады. Көпшілік алдында сөз алған кеш қонақтары мен аудан жұртшылығы мерейтой иесіне ұзақ ғұмыр, сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс тіледі. Балнұр Балғабекқызы жерлестеріне, әріптестеріне және шараны ұйымдастырушыларға жүрекжарды алғысын білдіріп, туған жердің жылы ықыласы мен құрметі шығармашылығына шабыт беретінін жеткізді.
    Ұлт руханиятының іргесін бекемдеп, заманауи қазақ музыкасының биік белеске көтерілуіне сүбелі, ерен еңбек сіңір­ген композитор өзінің шығармашылық жолында ұлттық болмысты терең түйсініп, оны симфониялық, камералық, опералық жанрлармен сәтті үйлестіре білді. Ол 300-ден астам музыкалық шығарманың авторы. Өнер қайраткері биыл Президент Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталған.

    Серік Сатыбалдиев

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Кітапханаға ғұмырын арнаған жан
    20.04.2026
    Тоқаев: Түркияның халықаралық аренадағы рөлі артып келеді
    20.04.2026
    Президент: Бүгінгі көшбасшылар халықаралық қауіпсіздік пен бейбітшілік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауы қажет
    20.04.2026
    Мемлекет басшысы БҰҰ мен басқа да халықаралық институттарды жетілдіру жөніндегі ойымен бөлісті
    20.04.2026
    Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының ашылу рәсіміне қатысты
    20.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>