Перейти к содержимому
Главная страница » Маңызды құжат

Маңызды құжат

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді. Бұл құжаттың қабылдануын қолдаймын. Ішкі саясат – елді тұрақты дамыту үшін мемлекеттік институттарды жұмылдыруға және нығайтуға арналған мемлекеттік саясаттың аса маңызды саласы. Бұл жеке тұжырымдамалық құжат Қазақстанның жан-жақты жаңғыруына байланысты қабылданып отыр. Ол ішкі саясаттың негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бір жүйеге келтіреді.

Мемлекет басшысы атап өткендей, 2022 жылғы конституциялық реформа еліміздің жаңа тарихындағы маңызды оқиғаның бірі болған еді. Бұл реформа мемлекеттің негізгі институттары арасында билік өкілеттіктерін қайта бөлу арқылы барынша әділ саяси жүйе құруға септігін тигізді. Сондай-ақ, нарық қағидаттарына, адал әрі еркін бәсекелестікке, ресурстарды әділ бөлу ұстанымына негізделген жаңа экономикалық саясатқа көшу үдерісі басталды. Ұлттық экономиканы дамыту ісі азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға, Қазақстанның өңірдегі көшбасшылық рөлін сақтауға және халықаралық беделін күшейтуге бағытталған.

Қазір әлеуметтік-гуманитарлық салада ауқымды өзгерістер жүзеге асырылып жатыр. Ғылым, білім және мәдениет озық ойлы ұлт болуға ықпал ететін басты үш тірек ретінде жарияланды. Сонымен бірге, қазір әлемде геосаяси, экономикалық, климаттық,  демографиялық және көші-қон факторларынан туындайтын түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Жаппай цифрландыру ісінің және жасанды интеллектінің негізінде жаңа технологиялық тәртіп қалыптасып келеді. Бұл үдерістер қазіргі заманғы қоғамдардың әлеуметтік құрылымдарына, соның ішінде Қазақстанға едәуір ықпалын тигізеді.

Президент елді жүйелі жаңғыртудың жаңа кезеңінде мемлекет алдында ішкі саясат саласына қатысты екі деңгейлі міндет тұрғанын атап көрсетті. Біріншіден, еліміздің ішкі және сыртқы ахуалға тиімді бейімделуін қамтамасыз ету керек. Екіншіден, мемлекеттік институттар мен қоғамның жасампаздық бағыттағы өзара іс-қимылының негізгі қағидаттарын айқындау қажет. Бұл құжат ел дамуының келешегіне қатысты мемлекет пен қоғамның ортақ көзқарасын қалыптастыруға септігін тигізбек.

Айткүл МЕДЕУОВА,

Жамбыл аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы