⛅
1°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мультфильм әлемінде

    18.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Мультфильм әлемінде
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Қонаев қалалық Мәдениет үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен «Меруерт» балалар өнер мектебіне 25 жыл толуына орай мультшоу-музыкалық перформансы өтті. Мәдени шара қонақтардың «Art studio creative» бейнелеу студиясындағы өнерлі өрендердің мультфильмдер желісі бойынша салған туындылары қойылған көрмені тамашалаудан басталды.

    «Art studio creative» студиясының негізін қалаушы Таисия Теперикова жас суретшілердің жетістігіне тәнті екенін айтып, олардың шығармашылығы алда талай биіктерді бағындыратынына сенім білдірді.
    Салтанатты шарада өнер мектебін мерейтойымен құттықтаған облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Әсел Жалғасбаева, облыстық мәслихат депутаты Сергей Горяной, Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы облыстық филиалының басшысы Лариса Котельникова шәкірттер жетістігіне себепкер болып жүрген ұстаздарға марапат табыстады.
    «Меруерт» балалар өнер мектебінің директоры Оксана Белкова 25 жылда өнер ошағы жүздеген талантты баланың екінші үйіне айналғанын, сондықтан мерейтойды шығармашылық концертпен атап өтуге шешім қабылдағанын жеткізді. Осы жылдардың жетістіктерге толы болғанын, оқушылардың байқауларда жүлдегер атанып жүргенін мақтанышпен тілге тиек етті.
    Сахнада мектептің шәкірттері, түлектері, ұстаздары мен қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері өнерлерін ортаға салды. Бағдарламада қазақ, орыс, ағылшын және француз тіліндегі әйгілі мультфильмдерден сүйікті әуендер орындалды. Кішкентай әртістердің талантына көрермен тәнті болды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    «Қонаев академиялық қалашығын» салу жайы талқыланды

    «Қонаев академиялық қалашығын» салу жайы талқыланды

    6 months ago
    2 жылда облыста 38 медициналық нысан салынбақ

    2 жылда облыста 38 медициналық нысан салынбақ

    2 years ago
    «Әйелдер Форумы – ауылдың тұрақты дамуының тірегі

    «Әйелдер Форумы – ауылдың тұрақты дамуының тірегі

    1 month ago
    Балалардың болашағы – басты назарда — облыс әкімі

    Балалардың болашағы – басты назарда — облыс әкімі

    4 months ago
    Ел мерейін асыратын мереке

    Ел мерейін асыратын мереке

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>