[um_weather city="Қонаев"]
Жұма, Қаңтар 9, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Назар жетіспейді: Сенатор Жөргенбаев шалғай аудан әкімдерін Астанаға не үшін шақырған?

    13.11.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Парламент
    Назар жетіспейді: Сенатор Жөргенбаев шалғай аудан әкімдерін Астанаға не үшін шақырған?
    0
    SHARES
    23
    VIEWS

    Алматы облысы мен Жетісу өңіріндегі су тапшылығы, инфрақұрылымның тозуы және бюджеттік теңсіздік мәселелері Астанада өткен ерекше форматтағы жиында талқыланды. Бұл кездесуді ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Алматы облысынан сайланған Жанболат Жөргенбаев ұйымдастырған, деп хабарлайды Dalanews.kz.

    Сенат қабырғасында өткен жиынға Алматы облысының Райымбек, Кеген, Ұйғыр, Балқаш және Еңбекшіқазақ аудандарының әкімдері қатысты. Сенатор Жөргенбаев аудан басшыларын елордаға шақырып, министрліктер мен орталық атқарушы орган өкілдерімен тікелей кездестіруді мақсат еткен. Әсіресе Қонаевтан шалғай орналасқан Нарынқол, Кеген және Шонжы ауылдарының жағдайын өкілетті органның өкілдеріне әкімдердің өз аузымен айтуына мүмкіндік туды, дейді депутат.

    “Бұл бастама — шалғай өңір әкімдерінің Үкімет деңгейінде өз мәселелерін ашық айтуына мүмкіндік берген тың формат ретінде бағаланды. Жиында сөз болған ең өзекті мәселе — су тапшылығы. Суармалы алқаптар мен ауыл шаруашылығына қажетті инфрақұрылымның ескіруі, Кеңес дәуірінен қалған жүйелердің істен шығуы бүгінде Райымбек пен Кеген өңіріндегі тұрғындарды әбігерге салған”,– дейді Жанболат Жөргенбаев.

    Бір топ сенаторлар мен мәжілісмендер осы бағытта соңғы жылдары жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Ол су шаруашылығына қатысты жаңа заң жобаларының қабылдануына және Су ресурстары және ирригация министрлігінің құрылуына бастамашы болғандығы. Осы отырысқа қатысқан Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев әлеуметтік желідегі жазбасында кездесудің нәтижелі өткенін атап өтті:

    «Баяғыда аудан әкімдерін Астанаға шақырып, министрлермен бетпе-бет жүздестіріп, шешілмеген мәселелердің түйінін тарқатса ғой деп армандайтынбыз. Бүгін сол арман орындалғандай. Әкімдер бұл жиналыстан “Сенімді болсаң — аргументіңді қару қыл, құжатыңмен ұрып жық!” деген месседж алды», – дейді депутат.

    Бұл өзгеше формат. Ол алдағы уақытта да жалғасын тапса деймін. Экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Амрин жиында жаңа Бюджет кодексінің принциптерін түсіндіріп, аудандардың қаржылық жоспарлау кезіндегі олқылықтарына назар аударды, дейді депутат.

    Кездесу барысында Нарынқол, Кеген сынды шалғай ауылдардың әлеуметтік мәселелері де сөз болды. Мысалы, Райымбек ауданына қарасты Қайнар ауылында 3 мың адам тұрады, бірақ спорт кешені, балабақша, заманауи мектеп пен аурухана жоқ. ФОК (физкультура-сауықтыру кешені) жобасы дайындалғанымен, екі жылдан бері қаржы бөлінбей келеді.

    Сенатор Жөргенбаевтың бұл бастамасы қоғам тарапынан оң бағаланды. Халықтың мәселесін Парламент қабырғасына жеткізу, аудан әкімдері мен орталық органдар арасында тікелей диалог орнату — өңірлік даму үшін маңызды қадам деп танылды. Осындай кездесулер жиі өтіп тұрса, шалғайдағы аймақтардағы теңсіздік пен қаржы тапшылығының түйіні тезірек шешілер еді, дейді отырыс қатысушыларының бірі сенатор Зәкіржан Кузиев.

    Алматы облысы мен Жетісу өңірі – табиғаты бай, бірақ инфрақұрылымдық тұрғыдан күрделі аймақ. Осы өңірден сайланған депутаттар бұл бастама ауыл халқының нақты мәселесін шешуге бағытталған жауапкершілікті және өңірге адалдықты көрсетеді. Мұны алдағы уақытта да дәстүрге айналдырамыз, деп тарқасты.

    Ұсынымдар

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ «ТОЙ МАРТ » ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ «ТОЙ МАРТ » ЖШС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    1 year ago
    Саябақ ашылды

    Саябақ ашылды

    2 years ago
    Нұрлан Ертасұлы

    Жамбыл ауданында газдандыру деңгейі 72 пайызға жетпек

    11 months ago
    Құрбандық құлшылығы мал шалумен ғана шектелмейді

    Құрбандық құлшылығы мал шалумен ғана шектелмейді

    3 years ago
    Оқу-ағарту вице-министрі оқушылармен кездесті

    Оқу-ағарту вице-министрі оқушылармен кездесті

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>