☀️
7°C
Қонаев
Сейсенбі, Қараша 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Облыс әкімі Алатау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы және жаңа инвестициялық жобалар туралы баяндады

    21.11.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Облыс әкімі Алатау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы және жаңа инвестициялық жобалар туралы баяндады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

             Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Алатау қаласының ағымдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы және жаңа инвестициялық жобаларды іске қосу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

    Әкім келтірген мәліметке сенсек, Алатау қаласының бюджеті үш есеге өсіп, 8,8 млрд теңгеге жетті. 10 айда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 17%-ға артып, 115,6 млрд теңгені құрады. Бұл ретте инвестиция көлемі 13%-ға өсіп, бүгінде шамамен 46,4 млрд теңгеге жетті. Бұл сома 21 мыңнан астам жұмыс орнын ашуды көздейтін 41 инвестициялық жобаны қамтиды. Қазіргі уақытта құны 1 трлн теңге болатын 18 жоба жүзеге асырылуда. Бұл – PepsiCo, United Hygiene, «Молочная долина», АСП арена, QazQon Hub, АВЗ, Исткомтранс сияқты басқа да ірі компаниялардың логистика, АӨК, тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жаңа өндіріс орындары.

    Жалпы ауданы 97,9 мың гектарды құрайтын еліміздегі ең ірі Аlatau арнайы экономикалық аймағын құру жұмыстары жүргізілуде. Оның 24 мың гектардан астамы қала сыртында орналасқан және АӨК өнімдерін қайта өңдеудегі маңызды жобаларды қамтиды. Осы өндіріс орындарына кепілдіктерді сақтау және жаңа кәсіпорындарды іске қосу мақсатында жаңа өнеркәсіптік-логистикалық АЭА құру жөніндегі әкімдіктің ұсыныстары қаралды. Болашақта бұл Алматы облысында индустриялық, логистикалық, туристік және энергетикалық кластерлердің дамуына ықпал етеді.

    Бас жоспарды жүзеге асыру аясында Алатаудың сәулет келбеті мен заманауи қала құрылысына қатысты шешімдерге ерекше назар аударылды. «Caspian Group» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Юрий Цхай Iconic building іскерлік орталығының көрнекті ғимараты құрылысын қамтитын, Gate District ауданында жаңа іскерлік ауданды дамыту жөніндегі жобаны таныстырды. Биыл қыркүйек айында Қазақстан мен Қытай елдері басшылары қатысқан қазақ-қытай іскерлік кеңесі аясында аталған жоба бойынша үшжақты келісімге қол жеткізілді.

    Жалпы, Алатауда тұрғын үй құрылысы қазіргі таңда оң қарқын көрсетіп отыр. Биыл 103 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Халықаралық сарапшыларды тарту және әлемнің жетекші мегаполистері тәжірибесін зерделеу арқылы қаланың дизайн-коды және кешенді көлік схемасы әзірленуде.

    Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр тиісті министрліктер мен Алматы облысы әкімдігіне жұмыстарды жеделдету және сапалы жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

    Ұсынымдар

    «Жайлы мектеп» жайымен танысты

    «Жайлы мектеп» жайымен танысты

    1 year ago
    Сүреткер сыры сарқылмас

    Сүреткер сыры сарқылмас

    1 year ago
    Іс тетігін тапқан

    Іс тетігін тапқан

    2 months ago
    Қытайлық компания Алматы облысында вольфрам кенішін игереді

    Қытайлық компания Алматы облысында вольфрам кенішін игереді

    2 years ago
    Қарт құрлықтағы қайталанбас күндер

    Қарт құрлықтағы қайталанбас күндер

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>