-13 °c
Qonaev
Tuesday, June 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Сүреткер сыры сарқылмас

    02.11.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Сүреткер сыры сарқылмас
    0
    SHARES
    28
    VIEWS

          Қаскелең қаласындағы «Қарлығаш» шағынауданында ­жаңадан пайдалануға берілген мектеп-гимназияға балалар ­әдебиеті­нің классигі Бердібек Соқпақбаевтың есімі берілгенін естіп, қуанған едік. Енді сол мектепте қаламгерге арналған ­мұражайдың ашылғаны туралы сүйінші хабар келіп жетті. Аталған шараға жазушының қарындасы Несіпхан Аманбаева, ауданның қадірменді азаматтары мен ұлағатты ұстаздар қатысты.

    Өскелең ұрпақты классиктің туындыларымен таныстыру, олардың әдебиетке деген қызығушылығын оятып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, жастардың бойына адамгершілік, ізгілік қасиеттерін сіңіру мақсатында өткізілген «Балалық шаққа саяхат» атты әдеби-сазды кеш қаламгерге арналған мұражайдың ашылуымен басталды.
    Салтанатты рәсімді атқару кештің қадірменді қонағы Несіпхан Аманбаева мен аудандық білім бөлімінің басшысы Әсел Еркімбаеваға жүктелді. Мұражайдың лентасы қиылғаннан кейін ақ жаулықты әжелер еліміздің ежелгі дәстүрі бойынша шашу шашып, қуанышты сәтті еселей түсті. Осыдан кейін қонақтар мұражай ішіне кіріп, онда қойылған құнды жәдігерлермен, жазушының өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат беретін фотосуреттермен танысты.
    Әдеби кеште сөз алған білім шаңырағының директоры Қорлан ­Тұрсынова Бердібек Соқпақбаевтың қазақ ­әдебиетіне қосқан үлесіне тоқталды. Шараға жиылған көпшілік жазушының өлең өлкесіне де өзіндік өрнек салғанын танып, білді:
    Жазып та көрдім мен де өлең,
    Жазып та көрдім қара сөз.
    Ерте ме, кеш пе, мен де өлем,
    Өлмейді тек дана сөз!
    Немесе:
    Өлеңде мінезі бар жас баланың,
    Жылатып алам ба деп жасқанамын.
    Өлең – нәзік шегіндей домбыраның,
    Үзіп алса үлкені масқараның.
    Бұрқыратып өлеңді жазып тастап,
    Жастық етіп жасырын жастанамын, – деген жолдар қаламгердің ақындық қарымын аңғартса керек.
    Салтанатты жиынға қатысушылар Бердібек Соқпақбаевтың қарындасы Несіпхан апайға сұрақтар қойып, қанағаттанарлық жауап алды. Жас жеткіншектерді ағасының қаламгерлікке келу жолы, жазушының отбасы, сүйіп атқаратын шаруалары, алғашқы туындыларын кім оқығаны қызықтырды.
    Бердібек туралы сөз қозғалғанда оның кейіпкері Қожа туралы әңгіменің алдымен қозғалатыны – ақиқат. Кеш барысында «Менің атым Қожа» фильмінен үзінділер көрсетілді. Жазушының өз кейіпкеріне қатты ұқсайтыны, оның да ауылдың қарасирақ баласы болып, түрлі оқиғаларды басынан кешіргені айтылды.
    Әрине, аталған шарада білім шаңырағының өнерпаздары да өз үлестерін қосты. Мектептің драмалық үйірмесіне қатысушылар «Менің атым Қожаны» сахналап, көрермен назарына ұсынды. Сонымен қатар мың бұрала билеген бишілер мен әуелете ән салған әншілер сахна сәнін келтіріп, кештің шырайын аша түсті. Соңынан мәртебелі мейманға сый-сияпат көрсетіліп, артына өлмейтін мұра қалдырған балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың рухын асқақтатты.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Сайлау күні өмірге келген сәбилер

    Сайлау күні өмірге келген сәбилер

    2 years ago
    Саяжай статусы өзгереді

    Саяжай статусы өзгереді

    6 months ago
    Ғалымның аты өлмейді

    Ғалымның аты өлмейді

    8 months ago
    ЖҮРЕГІ  ЖЫРДАН ЖАРАЛҒАН

    ЖҮРЕГІ ЖЫРДАН ЖАРАЛҒАН

    4 months ago
    Алматы облысында 2024 жылы 24 мыңға жуық бала өмірге келді

    Алматы облысында 2024 жылы 24 мыңға жуық бала өмірге келді

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>