Перейти к содержимому
Главная страница » Заңсыз тауар жойылды

Заңсыз тауар жойылды

     Қонаев қаласы әкім­дігінің мемлекеттік ак­тивтер және сатып алу бөлімінің мамандары сауда айналымына заңсыз түскен тауарларды жойды. Бұл тауарды Іле ауданаралық сот актілерін орындау жөніндегі аумақтық бө­лімінің мемлекеттік сот орындаушылары тәркілеп, шара қолдану үшін әкімдікке жіберген.

Тауарлар қатарында акциз­делмеген 4 тоннадан астам алкогольдік өнімдер, бір тоннадан астам Қытайда өндірілген бел­сенді биологиялық қоспалар, акцизделмеген 80 қорап темекі өнімдері бар. Мүлікті жою кезінде барлық комиссия мүшелері – санитарлық-эпидемологиялық бақылау басқармасы, мемлекеттік кірістер басқармасы, кәсіпкерлік бөлімі, депутаттар, қоғамдық ұйым өкілдері болды. Тауарлар қоқыс полигонына жеткізіліп, ауыр техникамен жарамсыз етілді.

Ақерке Жұмағазықызы
Қонаев қаласы