[um_weather city="Қонаев"]
Бейсенбі, Қаңтар 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендерге қолдау көрсетіледі

    05.12.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Қоғам, Құқық-заң
    Тұрмыстық зорлық-зомбылық көргендерге қолдау көрсетіледі
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Қонаев қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған әлеуметтік көмек көрсету орталығы орналасқан. Мекеменің негізі осыдан үш жыл бұрын қаланған еді. Қазір бұл жерді жеті әйел бала-шағасымен паналап отыр.

    Соның бірімен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында сұқбаттастық.

    Г. есімді әйел орталық көмегіне жақында ғана жүгінген. Балаларын Қонаевтағы мектептің біріне орналастырып, өзі құқықтық және психологиялық көмек алуда.

    «Күйеуім 10 жылдай уақыт ішімдік ішті. Балаларды ұрып-соғатын, таяғы маған да тиетін. Полицейлерге хабар беріп едім, осы жерге орналастырды. Қазір оңалту курсынан өтіп жатырмын. Бұл жерден шыққан соң, пәтер жалдап, балаларыммен бірге күнімізді көрерміз. Мемлекет жақсы көмектесіп жатыр» – деді әйел.

    Оның айтуынша, зорлық-зомбылық көрген кез келген адам оған төзбеуі тиіс. Уақыт өте келе, ұрып-соғуға ет үйреніп, балалар тұйықталады, психологиялық жағдайы бүлінеді.

    «Адам өз-өзін құқықтық жағынан қорғауы қажет екенін түсіндім. Әсілі, мұндай орталықтар қажет. Күнде түрлі жаңалықтарды көріп жатырмыз. Көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж әйелдер өте көп. Қайғылы жағдаймен аяқталып жатқан сәттерді де естіп жүрміз. Күйеуіммен ажырастым, енді өмірім түбегейлі өзгеретініне сенемін» – деді ол.

    Аталған орталықта аналарға жұмысқа орналасуға да көмек береді. Мамандар басқа өңірдегі әріптестерімен тәжірибе алмасып, үнемі біліктілік деңгейін арттырып отырады.

    Қонаевта «Жанұя» отбасын қолдау орталығы да қызмет етеді. Әлеуметтік көмек көрсету орталығына орналасу үшін алдымен әйелдер осы мекемеге жүгінеді. Жыл басынан бері отбасын қолдау орталығы 200-ден астам адамға қол ұшын созған. Ал 111 сенім телефонына Алматы облысы бойынша 50-ге жуық қоңырау түскен. Сондай-ақ отбасында жәбір көрген азаматшалар полиция қызметінің 102 байланыс нөміріне де хабарласады.

    Қонаев қаласының әкімдігі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қажет екенін еске салады.

    Ұсынымдар

    «Тазалық – саулық кепілі» – Қонаев тұрғыны

    «Тазалық – саулық кепілі» – Қонаев тұрғыны

    2 years ago
    «Алтын Орда» базарында заң бұзушылықтар анықталды

    «Алтын Орда» базарында заң бұзушылықтар анықталды

    2 years ago
    Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін

    Жыл қорытындысы: Білім беру жүйесіндегі тенденциялар – инклюзивті оқытудан цифрландыруға дейін

    1 year ago
    Алматы облысында демалыс аймақтары тексерілді

    Алматы облысында демалыс аймақтары тексерілді

    2 years ago
    Ет экспорты – ел ырыздығын еселейді

    Ет экспорты – ел ырыздығын еселейді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>